12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ұлттың тірегі – тіл, ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы

Қыркүйектің алғашқы аптасы қазақ халқы үшін айрықша мәнге ие. 5 қыркүйек күні біз Тіл мерекесін атап өтеміз. Бұл күннің тағы бір ерекшелігі – қазақтың ағартушысы, қоғам қайраткері, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келуі.

Әрбір халықтың өміршеңдігін айқындайтын үш қасиет бар: тарихы, мәдениеті және тілі. Соның ішінде тіл – халықтың жүрегі, жан дүниесі, ұрпаққа аманаты. Қазақ тілін ғылымға айналдырып, оны жүйелі түрде зерттеп, ұлттық деңгейге көтерген тұлға – Ахмет Байтұрсынұлы. Ол тек әліпби жасаған жоқ, ол халықтың көзін ашып, ұйықтап жатқан санасын оятты.

Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері – қазақ руханиятының алтын қазынасы. «Әліппесі» арқылы мыңдаған баланың сауатын ашты, «Тіл-құралымен» қазақ тілінің табиғатын танытты, «Масасы» халықты серпілтті, ал «Қырық мысалы» ұлттың ар-ұжданына айналды. Оның мұрасы – тек өткеннің естелігі емес, бүгінгі ұрпақ үшін бағыт-бағдар беретін рухани шамшырақ.

Тіл – елдіктің айнасы. Егер тіл жоғалса, халық та өз болмысын жоғалтады. Осыны терең түсінген Ахмет: «Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деп жазды. Бұл сөз бүгін де өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Бүгінде Қазақстанда ондаған ұлт пен ұлыс өмір сүріп жатыр. Әрқайсысының өз ана тілі бар. Бірақ барлығын біріктіретін ортақ құндылық – мемлекеттік тіл. Қазақ тілі – еліміздің тәуелсіздігінің тұғыры, рухани тәуелсіздігіміздің кепілі.

5 қыркүйек – тек мереке емес. Бұл – әр азаматқа аманат жүктейтін күн. Тілді қорғау – тарихты қорғау, тілді үйрету – болашақты тәрбиелеу. Әр ата-ана баласына қазақ тілінде тәрбие берсе, әр жас мемлекеттік тілде сөйлесе – Ахметтің арманы орындалды деген сөз.

Ахметтің аманаты – бүгінгі ұрпақтың парызы. Қазақ тілінің тағдыры туралы айтқанда, біз тек өткенді еске алып қана қоймауымыз керек. Ең маңыздысы – қазіргі күн мен болашақ. Ахмет Байтұрсынұлы бастаған арыстардың арманы – бүгінгі тәуелсіз елдің жас буынына аманат.

Жаһандану дәуірінде әрбір ұлт өз тілін қорғап қалу үшін күресуде. Технология, ғылым, интернет заманында үлкен қауіп – ана тілінің қолданыстан тыс қалуы. Бұл тұрғыда қазақ жастарына артылар жүк ауыр. Қазақ тілін тек мектеп пен университетте ғана емес, күнделікті өмірде қолдану – ең үлкен қорғау.

Бүгінде мемлекеттік тілде сөйлейтіндердің қатары артып келе жатқаны қуантады. Әлеуметтік желілерде қазақша контент көбейді, жастар арасында ұлттық музыкаға, әдебиетке деген қызығушылық жоғарылады. Бұл – Ахметтің аманаты орындалып келе жатқанының белгісі. Дегенмен, алда атқарар іс әлі де көп. Мемлекеттік тіл ғылым мен технологияда, заманауи кәсіпте, халықаралық аренада да кеңінен қолданылуы тиіс. Сонда ғана қазақ тілі толыққанды даму жолына түседі.

Алаш идеясы – Мәңгілік елдің өзегі. Ахмет Байтұрсынұлы – Алаш қозғалысының көшбасшыларының бірі. Ол Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатов бастаған қайраткерлермен бірге қазақ елінің болашағы үшін күресті. Алаш арыстарының басты мақсаты – халыққа азаттық әперу, ұлттық мектеп пен білім жүйесін қалыптастыру, мемлекеттік тілді өркендету еді.

Алаш зиялылары тілді – ұлттың тірегі, мемлекеттіліктің негізі деп білді. Олар газет шығарып, оқулық жазып, елді ағарту арқылы ұлттық сананы көтерді. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан – сол Алаш арманын жүзеге асырған мемлекет.

Тіл мерекесін Ахметтің туған күнімен қатар атап өту – Алаш арыстарының еңбегіне тағзым, олардың мұрасын жас ұрпақтың жүрегіне жеткізудің айқын жолы.

                         Қызылорда облысының мамандандырылған

әкімшілік сотының жетекші маманы

Гүлсезім Гажданбекқызы

Қазақстанның мұнай өнімдері нарығы:негізгі тенденциялар мен сын-қатерлер

Қазақстанның мұнай өнімдері нарығы тұрақты өсуді көрсетіп отыр, бірақ...

2024 жылғы Жолдау: Президенттің ауыл шаруашылығы саласы бойынша тапсырмаларын жүзеге асыру

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық...

Меры профилактики наркомании и табакокурения

В ходе проведения оперативно-профилактического мероприятия «Қарасора-2025» сотрудниками Управления по...

Ұл тәрбиесі нашар болса, ұлт тәрбиесі нашарлайды

Қазақ халқы туыстық атауға бай. Әр адамның өмірінде өз...

Халықаралық еріктілер жылы атап өтіледі

2023 жылы 18 желтоқсанда Нью-Йоркта Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас...