Ұлттық киім – ұлт қазынасы

Көктем тек айналаны, табиғатты ғана түрлендіріп қойған жоқ, көктеммен бірге адамзаттың да өмір салты ғажап күйге енді. Құдды, қазақ даласы ұлттық нақышқа малынып, қазақы əуенге елітіп, мəдени мұра мен тамыры терең тарихтан сыр шертіп тұрғандай.

Наурызнама күнпарақтары елдің болашаққа деген үмітін үкілеп, тағылымды өнегесімен жастардың салт-дəстүрге, ұлттық киім мен қазынаға бай өткеніне құрметін арттырып жатыр. Оның ішінде 17 наурыз мерейлі мерекенің мағыналы, көркем күндері ретінде ел жадысында жыл сайын жаңаша сипатта жаңғыруда. «Ұлттық киім кию» күні есебінде тіркелген бұл күнді əрбір қазақстандық асыға күтеді, қуана тойлайды, жарқырай сəнденіп, ұлттық киімнің, əшекей мен зергерлік бұйымның ең озығын, əдемісін тағуға тырысады. Бұл игілікті шара ҚР Жоғарғы Сотында да жыл сайын дəстүрлі жалғасын тауып келеді. Ұлттық киім ел мəдениетінің жарқын көрінісі, тыныс-тіршілігінің айғағы, бірегейлік пен тұтастықтың символы. Қараны да, қарашаны да халықтың əдемі бір тарихына үңілтіп, «ата-бабамыз қалай киінген, қандай матадан тігілген өнімді тұтынған, күнделікті киісі мен той жақсылықтардағы киімі қандай бөзден болған екен, қандай камзол, бешпет қай мезгілге, қандай ауа райы мен жағдайларға ыңғайлы, мына əшекейлердің мағынасы не?» секілді сан тармақты сауалдарға жауап іздейтін көркем мерекенің құны мен құдіретін қазір көпшілік түсінді. «Ұлттық киімде мақтаныш қана емес, толған тарих жатыр. Əр кесте мен өрнегі, əр ою мен əр зері ел тарихынан сыр шертеді, аңыз боп толғап, ақиқат боп оралады. Бүгінгі «Ұлттық киімді ұлықтайық!», «Ұлттық киім – ел мақтанышы», «Ұлттық киім – ұлт келбеті» секілді іс шаралар, игі бастамалар осының дəлелі. Бұған дейін бұл дəстүр тек балабақша, мектептерде ғана ұлықталса, бүгін бұл республика көлемінде барлық мемлекеттік мекеме мен кез келген жеке ұйым, ұжымда салтанатпен сағына күтетін мерекеге айналды. Біраз жылдардан бері сот саласының қызметкерлері ұлттық киімді ұлықтап жүр. Судьялардың қызметтік киім мен мантияларындағы зерлі ою да осындай ұлы мұраттарды айшықтайды. Ұлттың мақтанышы мен көз қуанышына айналған əсем жұрнақтар əр мемлекеттік қызмет өкілінің өңірінен менмұндалап тұрса ұлттың ұлы мұраттарының іске асқанының дəлелі емес пе?! Жыл сайын əр аптаның жұмасында ұлттық киіммен жұмысқа келуді де дəстүрге енгізген – Қазақстанның сот корпусы. Қазақы стиль кез келген киімнің сəнін арттырып, көркін кіргізеді. ҚР Жоғарғы Сотындағы биылғы «Ұлттық киім кию» күнін ұлықтау челленджі де жылдағы дəстүрдің айнымайтын əдемі жалғасы іспетті. «Адам көркі – шүберек» десек, шүберек көркі ұлттық қолтаңба екені даусыз. Ендеше біздің дəстүрлі құндылықтарды жастарға, көпке үлгі етіп жүрген сот саласы өкілдерінің игілікті бастамалары жалғасын таба беретіні анық.

Ж.ҚҰДАЙБЕРГЕН

«Таза Қазақстан»: Астанада футбол ардагерлері мен жас чемпиондар ағаш отырғызды

Астанада футбол ардагерлері, елордалық спортшылар мен жас чемпиондар «Таза...

КІТАП – ҰРПАҚҚА ҚАЛДЫРАР АСЫЛ МҰРА

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің жеке...

Қызмет алушы құқығы-басты назарда бұзылған құқықтарды қалпына келтіру бойынша нақты шаралар

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша...

Восстановление прав услугополучателей является одним из приоритетных направлений

Одним из приоритетных направлений деятельности Департамента Агентства РК по...

Сот-фототехникалық сараптаманың қазіргі жағдайы мен өзекті мәселелері

Мақалада сот-фототехникалық сараптамасының құқық қорғау және сот жүйесіндегі рөлі,...