12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ұлттық құндылықтар аяқасты болмасын!

Қазір әлеуметтік желіде екінің бірі дін туралы, дәстүр туралы түрлі жазба жариялайтын болды. Оған әркім өз біліміне қарай пікір қалдырып, кейбіреуі тіпті олардың ара-жігін ажырата алмаса да «Өзің білме, білгеннің тілін алма» дегендей өзгелердің мәдениеті мен діни сеніміне құрметсіздік танытуда. Бір кездері мәдениет пен өркениеттің иесі ретінде саяхатшылар өз жазбаларында таңырқаған халықтың бір ғасырда қалай ұлттық болмысынан айрылып бара жатқанын көру кімге болмасын жанына ауыр тиетін жағдай.

Өйткені қазақ үшін дін – дүниеден тыс тұрған тылсым күш емес. Оның тал бесіктен жер бесікке дейінгі бүкіл тұрмыс-тіршілігі, салт-дəстүрі, дүние танымы біртұтас əлемге айналған. Ал дін қағидалары ырым-тыйымдардан бастап, мақал-мəтел, аңыз-əңгіме, жыр-дастандарымен астасып жатыр. Сондықтан дəстүрлі қазақ қоғамы үшін ұлттық құндылықтар мен діни құндылықтар ажырағысыз боп кеткен. Оны мəдениеттанушылар мен дінтанушы ғалымдар əрдайым айтып та, жазып та, көрсетіп де жүр. Өйткені халқымыз ешқашан ұлттық мүдде мен діни мүддені бөліп қарамаған. Халқымызда этноконфессиялық бірегейлікке қауіп төндіретін құбылыстар тəуелсіздікке дейін жоққа тəн болды. Əрине қазақтың мұсылмандығына күмəнданғандар əр уақытта əр елде кездесіп тұрды. Соның бірі туралы филология ғылымдарының кандидаты, яссауитанушы Айнұр Əбдірасылқызы «Қазақстандағы этноконфессиялық бірегейлендіру мəселесі: мемлекет құраушы ұлт жəне заманауи сын-тегеуріндер» деген зерттеу еңбегінде XVI ғасырда қазақтардың мұсылмандығына күмəнданған Бұқара ғалымдарының бір бөлігі «бұл халықты дінсіз деп жариялау» туралы пəтуа шығармақ болғанын жазады». Сонда құдайына қараған бір ғұлама: «алдымен кісі жіберіп, араларынан бір өкілін алдырып, сынайық, сауалдарымызға жауап бере алмаса, сонда лайықты пəтуасын шығарайық» дейді. Кісі салғанда қазақтар өз арасынан Көге деген жас жігітті жібереді. Ол ислам шариғатына білімдарлығымен Бұқара ғұламаларының таңдайын қақтырады. Оған тəнті болған олар: «Қандай тілегің бар, орындайық» дейді. Сонда – «Осы Бұқараның ортасынан медресе салып, бала оқытсам. Тек бір шартым бар. Маған медресені салысуға балиғатқа толғалы дəретсіз жер баспаған жандар ғана келетін болсын» дейді. Сонда мұсылмандығымыз өзгеге өнеге боларлықтай дəрежеде деп астам ойда жүрген дүйім жұрттан бір адам шықпайды. Сөйтіп, Көге сол медресені жалғыз өзі салған деседі. Ел «Көге тасы» атап, соңынан «Көкілташ» медресесі атанып, сан ғасырлар бойы бүкіл Орта Азия руханиятына қызмет еткен сол оқу орны дəстүрлі қазақ мұсылмандығына орнатылған ескерткіш ретінде Бұқара қаласында күні бүгінге дейін тұр. Бұл мысал қазақ халқының діни-ұлттық бірегейлігіне сынмен қарап, сына қаққысы келгендерге берілген тарихи жауап іспетті», – дейді ғалым.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ «Заң газеті»

Халықаралық еріктілер жылы атап өтіледі

2023 жылы 18 желтоқсанда Нью-Йоркта Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас...

Орталық Азия желісі іске қосылды

Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шарты жақында SDG прогресін ынталандыру...

Бастамалар әлемдік саясатта басымдыққа ие

Қазақстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 2009 жылы Семей полигоны...

ЕЛДІК МҮДДЕ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУДАН БАСТАЛАДЫ

Тәу еткен басты құндылығымыз – елдің экологиялық тұрақтылығында, табиғи...

Есілдің бүгінгі жетістігі – елдің ертеңгі қауіпсіздігі

Жастардың құқық бұзушылықтар мен қоғам тіршілігіне қатер төндіретін қылмыстардан...