Абай облысы бойынша ҚАЖД №20 мекемесінде кадр саясат бөлімінде 40 жылдан астам уақыт Ботагөз Қайырғазықызы Жабағина қызмет атқарып келеді. Осы қызмет атқарған жылдарда мекеменің қоғамдық өміріне белсене араласып, жас мамандармен үнемі өзінің жылдар бойы жинаған тәжірибесімен бөлісіп отырады.
Наурыз мейрамы қарсаңында қамқор ана, алты немеренің сүйікті әжесі Ботагөз Қайырғазықызы өз ұжымына мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында «Наурыз мерекесі құтты болсын, Ақ мол болсын – деп» өз қолымен дайындаған наурыз көжесінің дәмін тарту етті.
Наурыз көже – Ұлыстың ұлы күні жасалатын қасиетті ас. Оған тары, бидай, бұршақ, күріш сол сияқты жеті түрлі дән мен ақ қосылады. Наурыз көжеге қосылатын бұл жеті дәм сәттілік, байлық, молшылық, кемеңгерліктің белгісі болып табылады.
Дегенмен, Наурыз көжені жылда міндетті түрде жасап, көпшілікке дәм татқызуды басты парызы санайтын әріптесіміз Ботагөз Қайырғазықызы бұл жайында әріптестеріне былай түсіндірді: — Киелі жеті санынан тұратын, жеті түрлі дәмнен жасалатын Наурыз көжеге жеткен де бар, жетпеген де бар, жылдан жылға аман – есен жете берейік, қыстан бала –шаға, жақын туыс аман – есен шыққанымызға шүкір деген ниетпен жұмыс орныма дәм тарттыруға алып келдім. Бидай мен жүгеріні мол болсын деп үлкен қазанға бұқтырып, өткен жылдан қалған сүріленген етімді қайнатып, түрлі ноқат – бұршақтар, кеспе салып, сорпа құйып, айранды молынан қатып жасайтынын айтты.
«Асыл анамыздай құрмет тұтатын Ботагөз Қайырғазықызы бізге арнап өз қолымен дайындаған наурыз көжесін ішіп, үлкен нағыз мерекелік көңіл –күйде болдық. Осылайша, біз аға буын ата дәстүрімізді сақтап, дәріптеп жас буынға үлгі көрсетуіміз керек екендігін түсіндік», — деді Гүлмира Садуакасова.


