Ұжымдық еңбек дауларын сотқа дейін реттеу тәртібінің жаңа өзгерістері

Соңғы уақытта Республикада ұжымдық еңбек даулары жиілеп,
ереуілдерге көшіп елімізде әлеуметтік шиеленістер тұғызады. Әрине, кез
келген дауды ушықтырмай, мейлінше сотқа жеткізбей шешудің пайдасы
орасан. Бұл еңбек дауларына да қатысты. Сот тәжірибесінен байқағанымыздай
ұжымдық еңбек даулары көбінесе жұмыс берушілер мен жұмыскер арасында
жалақысына қанағатанбауы, еңбек жағдайларын жақсарту бойынша және
объективтік сипаттағы факторлар, яғни нарықтық экономикаға көшуге,
кәсіпорындардағы қызметкерлердің жұмыстан босатылуына қатысты даулар
туындайды.Жұмыскерлер еңбек кодексте көзделген мерзімдер, рәсімдер
мен талаптар ескерілмей, сақталмағандықтан ереуіл жариялау туралы шешім
қабылдайды, ал жұмыс берушілер ереуілді заңсыз деп тану туралы талап қою
арызымен тікелей сотқа жүгінеді.

Сонымен қатар кейбір жұмыс берушілер ұжымдық еңбек дауларын сотқа
дейін реттеу тәртібін сақтамай, сотқа ереуілді заңсыз деп тану туралы
арызымен жүгінеді, алайда сот Қазақстан Республикасының азаматтық
процестік кодексінің 152-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сай талап
қоюшы істердің осы санаты үшін заңда белгіленген немесе тараптардың
шартында көзделген дауды сотқа дейін немесе соттан тыс реттеу тәртібін
сақтамағандықтан талап қою арызы кері қайтарылады.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 164-бабының 1-бөлігіне
сай, ұжымдық еңбек даулары мынадай реттілікпен шешіледі: жұмысберуші
(жұмысберушілер бірлестігі (қауымдастығы, одағы), шешу мүмкін болмаған
жағдайда – татуластыру комиссиясы, онда келісімге қол жеткізілмеген кезде –
еңбек төрелігі, ол реттемеген мәселелер бойынша – соттар қарайды.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек
даулары мен жанжалдарын шешу тәртібін оңайлату мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 15 ақпандағы № 199-
VII саңды заңы қабылданды, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Еңбек кодексінің 163-бабының 1-бөлігіне сәйкес, ұжымдық еңбек дауы
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келісімдердің, еңбек
және (немесе) ұжымдық шарттардың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын
орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша осы Кодекстің 164-бабына
сәйкес ресімделген жұмыскерлердің талаптары туралы жұмысберушіні
хабардар еткен күннен бастап туындаған деп есептеледі, жұмысберуші
жұмыскерлердің қойған талаптарын – оларды алған күннен бастап үш жұмыс
күнінен кешіктірмей, жұмысберушілер бірлестіктері (қауымдастықтары,
одақтары) бес жұмыс күнінен кешіктірмей қарауға және оларды шешу үшін
шаралар қабылдауға, ал көрсетілген мерзімде шешу мүмкін болмаған кезде,
туындаған келіспеушіліктерді одан әрі қарау үшін өз өкілдерін көрсете
отырып, өздерінің шешімдері мен ұсыныстарын жұмыскерлерге жазбаша түрде
жеткізуге міндетті.
Еңбек даулары мен жанжалдарын шешу тәртібін оңайлату мақсатында
ұжымдық еңбек дауларын қарау жөніндегі органдар және жұмыскерлердің
талаптарын ресімдеу мен қарау тәртібіне өзгірістер еңгізіп, жұмыс беруші
жұмыскерлердің талап етуі бойынша жұмыскерлердің жиналысын
(конференциясын) өткізу үшін үй-жай беруге және қажетті жағдайлар жасауға
міндетті және оның оны өткізуге кедергі келтіруге құқығы жоқ.
Жұмыс беруші, жұмысберушілер бірлестігі жұмыскерлердің талаптар
қою жөнінде жиналыс өткізуіне кедергі келтіретін қандай да болсын араласуға
бармауға міндетті. Жұмыскерлер жиналысы, егер оған ұйым жұмыскерлерінің
жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп танылады.
Конференция, егер оған хаттамалық шешімдерге сәйкес жұмыскерлер
сайлаған делегаттардың кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп танылады.
Еңбек даулары мен жанжалдарын шешу тәртібін оңайлату мақсатында
еңбек кодексінің 164-бабының 2-тармақтың төртінші бөлігіне жұмыскерлер
ұсынған талаптарды қатысушылардың жартысынан астамы қолдап дауыс берсе,
олардың жиналысының (конференциясының) шешімі қабылданды деп
есептеледі. Жұмыскерлер жиналысын (конференциясын) өткізу мүмкін
болмаған кезде жұмыскерлердің өкілді органының өздері ұсынған талаптарын
жұмыскерлердің үштен екісінің орнына жартысынан астамының қолдап қойған
қолтаңбасын жинап, өз шешімін бекітуге құқығы бар деп жазумен өзгеріс
енгізіледі.
Дегенмен, жұмыскерлердің талаптары өзара жиналысында реттемеген
жағдайында алдымен дау келісім комиссиясының назарына ұсынылады. Яғни,
келісу комиссиясы құрылу ұжымдық еңбек дауын сотқа дейін реттеудің
міндетті сатысы болып табылады.  Татуластыру комиссиясы жұмыс берушi мен
жұмыскерлер өкілдерінің тең санынан тепе-теңдік негізде тараптардың
бірлескен шешімімен құрылған орган болып табылады. Татуластыру
комиссиясын құру туралы шешiм жұмыс беруші, жұмыс берушілер бірлестігі өз
шешімін жұмыскерлердің назарына жеткізген не хабарламаған не ұжымдық
келіссөздер барысында келіспеушіліктер хаттамасын жасаған күннен бастап үш
жұмыс күні ішінде қабылданады. Ұйымда жұмыскерлердің бірнеше өкілдері
болған кезде, олар комиссия жұмысына қатысу үшін бірыңғай өкілді орган
құрады.
Татуластыру комиссиясында келiсiмге қол жеткiзiлмеген кезде оның
жұмысы тоқтатылады, ал дауды шешу үшін еңбек төрелігі құрылады. Еңбек
төрелігін ұжымдық еңбек дауының тараптары татуластыру комиссиясының
жұмысы тоқтатылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құрады.
18 сәуір 2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Еңбек
кодексіне өзгерістер еңгізіледі, яғни Еңбек кодексінің 166-бабына сәйкес еңбек
төрелігін бес жұмыс күні орнына екі күні ішінде құрады, еңбек төрелігі
мүшелерінің саны, оның жұмыс беруші өкілдері мен жұмыскерлер өкілдерінің
қатарынан дербес құрамы, еңбек дауын қарау тәртібі тараптардың келісімімен
тепе-тең негізде айқындалады. Еңбек төрелігі кемінде бес адамнан тұруға тиіс.
Еңбек төрелігінің құрамына мемлекеттік еңбек инспекторы, әлеуметтік
әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі
үшжақты комиссияның өкілдері кіреді. Әлеуметтік әріптестік тараптарының
мүддесін білдіретін үшжақты комиссиялар мүшелері еңбек төрелігінің
құрамына тепе-тең негізде кіреді.Еңбек төрелігінің шешімі ол құрылған
күннен бастап бес жұмыс күні орнына жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей
төрелік мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады.

Сонымен қатар, еңбек кодексінің 166-бабы 5-1-тармақпен
толықтырылады, яғни енді еңбек төрелігі ұжымдық еңбек дауын қараған
кезеңде жұмыскерлер осы Кодекстің 176-бабының 1-тармағында көзделген
жағдайларды қоспағанда, сағаттық ескерту ереуілін бір рет өткізуі мүмкін, оған
елуден аспайтын жұмыскер қатыса алады.   Еңбек төрелігіне қатысатын
жұмыскерлердің өкілдері сағаттық ескерту ереуіліне қатысатын жұмыскерлерге
оның ұзақтығы бұзылған жағдайда заңдарда белгіленген жауаптылығы туралы
ескертуге тиіс.  Жұмыскерлер жұмыс берушіге сағаттық ескерту ереуілінің
басталуы туралы жазбаша нысанда үш жұмыс күнінен кешіктірмей ескертуге
тиісті.
Еңбек кодексінің 170-бабы 1-тармақша жаңа редакцияда көзделген, яғни
жұмыс беруші жұмыскерлердің осы Кодекстің 164-бабының 3-тармағына
сәйкес ресімделген талаптарын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде
ұжымдық еңбек дауының туындағаны туралы, ол түпкілікті шешілгенге дейін
ахуал туралы кейіннен апта сайын хабардар ете отырып, еңбек инспекциясы
жөніндегі жергілікті органды хабардар етуге міндетелген. Еңбек төрелігінің
шешімі белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда, тараптардың дауды
шешуі сот тәртібімен жүзеге асыруға құқылы.
Осыған орай, ұжымдық еңбек даулары талап қоюшымен осы
санаты істерді заңда белгіленген дауды сотқа дейін немесе соттан тыс реттеу
тәртібі сақтау үшін, еңбек кодексте көзделген мерзімдер, рәсімдер мен
талаптар тиісті орындалу үшін, ұжымдық еңбек даулары бойынша өндіріс
ұжымдарымен сотқа дейін дауды шешу мақсатында құқықтық түсіндіру
жұмыстары жүргізуге.

Бауыржан Тоқбаев,
Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қалалық сотының төрағасы

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...

Используя трудовые ресурсы

ИЗУЧАЯ СФЕРУ ТРУДА И ЗАНЯТОСТИ, ОДНА ИЗ ПЛАТФОРМ ДЛЯ...