12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҮЗДІК САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУШІ КОНКУРСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК КЕЗЕҢІ ӨТКІЗІЛДІ

Ағымдағы жылдың 27 мамырында  Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен Үздік сапалы қызмет көрсетуші конкурсының бірінші кезеңі өткізілді.

Конкурсты өткізудің мақсаты – қызмет көрсетушілердің мәртебесін арттыру, уәждемесін көтеру және жұмыс барысында клиентке бағдарлану қағидаттарын нығайту.

 Конкурстың міндеті:

1) қызмет көрсетушілердің, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың имиджін көтеру;

2) клиентке бағдарлану қағидатын нығайту.

Конкурс келесідей кезеңдерден тұрды бірінші кезең – өңірлік; екінші кезең – республикалық.

Өңірлік кезең 20 өңірдің әрқайсысында өткізілді. Алматы қаласынан 16 қызмет көрсетушісі конкурсқа өтінім қалдырып 2 номинация арқылы кәсіби мүмкіндіктерін байқап көрді. 

 «Клиентке бағдарланған қызмет көрсетуші»;

 «Сервистік қызмет көрсетуші»

«Клиентке бағдарланған қызмет көрсетуші» номинациясында мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлердің келесі жеке қасиеттері бағаланды:

1) әдептілік және ізеттілік;

2) қызмет көрсетудің жылдамдығы мен тиімділігі;

3) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасы;

4) мәселелерді шешуде көмек көрсету;

5) кәсібилік және құзыреттілік.

«Сервистік қызмет көрсетуші» номинациясында мемлекеттік қызметтер көрсетілетін ғимараттардағы немесе орындардағы жағдайлар бағаланды:

1) мемлекеттік қызметтер көрсетілетін ғимараттың немесе кеңістіктің орналасуының қолайлылығы және қолжетімділігі;

2) кеңістіктің ұйымдастырылуы және күту аймақтарының болуы;

3) қажетті ақпараттың болуы және оның мемлекеттік және орыс тілдерінде қолжетімділігі;

4) техникалық жабдықталуы және электронды мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі;

5) мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қажетті жағдайлар жасау.

Мемлекеттік қызметтер көрсетілетін ғимараттар немесе орындар бағалануы қоғамдық бақылау шеңберінде оффлайн режимде жүргізілді. Конкурстың бірінші кезеңінде қатысушыларды бағалау үшін Департаментте Өңірлік комиссия құрылып, қатысушылар екі кезең үшін бағаланды.

Өңірлік комиссияның бағалауы нәтижелері бойынша әр номинация бойынша Өңірлік комиссия үш жеңімпазды анықтап, жеңімпаздар екінші кезеңге қатысу үшін  жіберілді.

Конкурстың екінші кезеңінің қорытындысын шығаруда Республикалық комиссия дауыс беру нәтижелері бойынша конкурстың нәтижелерін анықтайды, онда әр номинация бойынша үш жеңімпаз анықталатын болады және Агенттіктің интернет-ресурсында жарияланатындығын естеріңізге саламыз.

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Алматы қаласы бойынша                               Төреқан Гүлім Бағдатқызы

Департаментінің Мемлекеттік қызмет

көрсету басқармасының

бас маманы                                         

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

Ата Заң – тұрақтылық тірегі

Биыл Республикамыздың Негізгі Заңы – Конституцияның қабылданғанына 30 жыл толды. Ел Конституциясымен бекітілген әрбір норма...

«Ой шебері»: Жамбыл жастарының білімге құштарлығын арттырған зияткерлік дода

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін...

Деректерді қорғау заман талабы

2025 жылғы 26 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің...

Жер дауларының өзекті мәселелері

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына 2025 жылдың басынан...