Үш кассациялық сот жұмысын бастауға әзір

Қазақстандық сотта жаңашылдық аз емес. Жаңа реформалардың қолға алынуына ең алдымен ел тұрғындарының талап-тілегі, ұсыныс-пікірі негіз болады. Себебі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құруды басты ұстанымы ретінде белгілегені мәлім. Сондықтан, «Халық қаласа, хан түйесін сойыпты» демекші, еліміздегі көптеген бастамалардың негізі – халық тілегі. Екіншіден, реформалар халықаралық талаптарды, заманауи үрдістерді басшылыққа ала отырып қолданысқа енгізіледі. Осы ретте жақында жұмысын бастағалы отырған үш дербес кассациялық сот көпшіліктің таңдауы екенін айта кеткен абзал. 

Азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істерді қарайтын дербес кассациялық соттар Астана қаласында құрылып, қызмет етеді. 2025 жылдың 1 шілдесіне дейін жаңа соттарды ұйымдастыру, кадрларын іріктеу, жұмысын жүйелеу бойынша кешенді істер қолға алынды. Бүгінде бұл соттар өз қызметін кірісуге дайын.

Ал «Илегеніміз бір терінің пұшпағы» болғандықтан, жаңа соттардың маңызын түсіндіру, жұмыс істеу тәртібі бойынша ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізу біздің парызымыз. Кассациялық соттардың қолға алынуына қазіргі кассациялық сатыға қатысты азаматтардың өкпе-ренішінің көбеюі түрткі болды. Себебі, кассациялық саты «таңдап қарау» принципімен жұмыс істейді. Соның салдарынан кассация өндірісіне түскен істер түгел таразы басына салынбайды, алдын ала іріктеуден өткен істер ғана сот алқасының қарауына ұсынылады. Бүгінде жолданған талап арыздардың тек 5 пайызы ғана кассацияның қарауынан өтеді. Бұл әрине, азаматтардың орынды өкпе-ренішін тудырғаны түсінікті. 

Зайырлы, құқықтық мемлекетте азаматтар сотқа қатысты түйткілдерді ашық талқылап, өз пікірлерін бүкпесіз жеткізуге дағдыланған. Осындай екіжақты диалогтар барысында көпшілік кассацияның жұмысына көп реніштерін білдіретін еді. Президент те отандық кәсіпкерлермен кездескеннен кейін бұл мәселенің өзекті екенін түсініп, құзырлы органдарға шетелдік озық тәжірибелерді зерделеуді, кассациялық соттың жаңа моделін қарастырып, мәселені заңдық тұрғыдан реттеуді тапсырған болатын. Нәтижесінде Кассациялық соттардың қызметін реттейтін заңнама қабылданып, үш дербес сотты қалыптастыруға батыл қадам жасалды.

 Кассациялық соттың негізгі мақсаты – заңнаманы біркелкі түсіндіруді қамтамасыз ету және сот қателіктерін түзету. Оның негізгі функциясына төмен тұрған соттар шешімдерінің заңдылығын және негізділігін тексеру; құқық нормаларын біркелкі қолдануды қамтамасыз ету; жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау; сот тәжірибесін бақылау және талдау арқылы сот шешімдерінің сапасын арттыру кіреді.

Жаңа кассациялық соттарға шағымдар мен өтініштер беру және істерді қарау тәртібі өзгеше. Ең алдымен істер тікелей кассациялық соттың алқаларына түседі. Яғни, енді істер алдын ала іріктеусіз бірден сот талқылауына шығарылады. Сондай-ақ, сот отырысына тараптар міндетті түрде шақырылады. Осылайша судья сот барысында тараптарды тыңдап, олардың уәждерін сараптайды. Тағы бір артықшылығы кассациялық соттарда істерді қарау мерзімі алты айдан аспайды. Мұның өзі кассациялық істердің жедел әрі нақты шешілуіне жол ашады. «Таңдап қарайтын кассацияның» жойылып, «жаппай қарайтын кассацияның» енгізілуі азаматтарды сотқа деген сенімін нығайтып, өз құқықтарын сапалы қорғауына мүмкіндік береді.

Дәулет Аркинов,

Алматы қаласы

Әуезов аудандық №2 сотының төрағасы 

2025-2026 театр маусымында еліміздегі қойылымдарды 2,8 миллионнан астам көрермен тамашалады

2025-2026 жылғы театр маусымы еліміздің театрлары үшін табысты аяқталды....

Қазақстан сары май мен күнбағыс майы өндірісін арттырып, сыртқы нарықтағы экспорттық әлеуетін нығайтуда

2026 жылғы қаңтар–сәуір айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда сары май...

Условно-досрочное освобождение в Республике Казахстан: текущее состояние, проблемы и пути развития

А. Жукенов, экс-председатель судебной коллегии по уголовным делам Верховного...

Принцип гласности в уголовном процессе Республики Казахстан: проблемы реализации и пути совершенствования

А. Жукенов, экс-председатель судебной коллегии по уголовным делам Верховного...

Проблемы системности и эффективности УПК Республики Казахстан: избыточность, пробелы, противоречия

А. Жукенов, экс-председатель судебной коллегии по уголовным делам Верховного...