Үш партия Мәжіліске өткен депутаттар тізімін ұсынды

Кеше ОСК Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың қорытындысын жариялады.

«Ақ жол» демократиялық партиясы, Respublica партиясы және Қазақстан Халық партиясы Мәжіліс депутаты мандатын иеленген партияластарының тізімін ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат агенттігі.

Мәжілісте Respublica партиясының атынан шығатын депутаттар: партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров, партияның тең төрағалары — Динара Шүкіжанова мен Руслан Берденов, сондай-ақ Динара Наумова, Нұргүл Тау және Олжас Құспеков.

Мәжілісте «Ақ жол» демократиялық партиясының атынан шығатын депутаттар: Барлыбаев Ерлан Хайланұлы — экономист, Парламент Мәжілісінің VII шақырылым депутаты. Бейсенбаев Ержан Алмабекұлы – жас бизнесмен, «BIGLIFE» ЖШС тәуелсіз директоры. Еспаева Дания Мәдиқызы — қаржыгер, Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты. Иса Қазыбек Жарылқасынұлы – ақын, партия төрағасының орынбасары, Парламент Мәжілісінің VII шақырылым депутаты. Перуашев Азат Тұрлыбекұлы – партия төрағасы. Садықов Асқар Аманбайұлы – бизнесмен, партияның облыстық филиал төрағасы, Ақтөбе облысы.

Мәжілісте Қазақстан Халық партиясының атынан шығатын депутаттар: саясаткерлер Магеррам Магеррамов пен Ирина Смирнова, көпбалалы аналар бірлестігінің жетекшісі Гаухар Танашева, Параолимпиада ойындарының қатысушысы, мүгедек адамдардың құқығын қорғаушы Кенжеғұл Сейтжан және жастар квотасы бойынша Ислам Сұңқар сынды кандидаттар мандатқа ие болды.

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық: сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...

Тоқаев Астанада ТМД елдерінің ЖИ форумын өткізуді ұсынды 

Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект саласында тәжірибе алмасатын тұрақты механизм қалыптастыру бастамасын көтерді