«Үй беремін» дегендер бар». Нұрлан имам 7 баласымен мешітте тұратынын айтты

Әлеуметтік желілер арқылы халық арасында кең танылған Нұрлан имам жеке үйі жоқ екенін, отбасымен бірге мешітте тұратынын айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Имам көпбалалы әке екен. Оның 7 баласы бар. Нұрлан имамның сөзінше, балалары да мешітте тұрады.

«Ел бар, халық бар. Халық имам, молданы асыраған. Мешіттің ішінде тұрамын. Халық біледі оны. Жеке үйім жоқ. «Үй беремін» дегендер бар, Алла разы болсын. Бірақ олардың аржағында мүдде бар. Жоба болғым келмейді. Сондықтан бас тартқанмын. Оны ел де біледі. Мешіттің ішінде жатырмын қазір. Отбасыммен, бала-шағаммен бәріміз мешіттің ішінде тұрамыз. Балаларым барып-келіп оқиды. Қоғамдық көлікпен қатынаймыз. Біз де елдің ішіндеміз. Құдайдың бұйыртқан нәсібі бар», — деді имам.

Жаңа өнеркәсіптік саясат, өңдеу секторы және индустриялық-инновациялық даму

Қазіргі таңда әлемдік экономиканың даму қарқыны өндірістік технологиялардың жетілуімен,...

В ООН рассмотрят предложение Казахстана о создании международной водной организации

Предложение Токаева рассмотрят в Абу-Даби в рамках диалога о...

Президент жоғары бағалаған еңбек: ҚазҰУ ректорының халықаралық білім кеңістігіндегі тарихи бастамасы

Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіндегі халықаралық беделі жаңа белестерге...

«Тәрбие баспалдағы» – тәрбие мен тағылым тоғысқан алаң

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Абай ауылындағы №2 орта...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – қоғам дамуының маңызды негізі

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес – кез келген құқықтық,...