12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Үздік жұмыс беруші

Биыл құрылғанына 60 жыл толып отырған Алматы көпір құрамалары зауытының (АКҚЗ) өнімдері соңғы жылдары тек Қазақстан ғана емес, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей елдеріне де әйгілі бола бастады.  Жол, көпір және түрлі азаматтық құрылыс нысандарына қатысты 400-дей атаулы өнім түрін шығаратын құрылыс саласының жүйе құраушы өндіріс орны бүгінгі таңда мыңнан астамды адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. АКҚЗ – ҚР  Президентінің «Алтын сапа»  – «Өнімнің мінсіз сапасы үшін» сыйлығы беріле бастағалы бері оған бір емес, екі рет ие болған (2014, 2020) Қазақстандағы жалғыз компания екенін де осы арада атап өткен артық болмас.  Ол технологиялық инновациялық жабдықтарды жаңғыртуға жыл сайын қаржы жұмсауда. Мәселен, өндіріске салынған инвестициялар соңғы 5 жылда көлемі 4 млрд 3 млн теңгені құрады. Өндіріс орнының мемлекетке жыл сайын салық түрінде төлейтін қаржысының көлемі 1,5 млрд теңгеден асады.

 – Біз заманауи техника мен технологияны игере отырып, кеңестік дәуірде еліміз қол жеткізген  құндылықтарды  сақтап ғана қоймай, оны ары қарай дамытуға көп көңіл бөлеміз. Соның нәтижесінде кәсіподақ ұйымын жандандырып, алдыңғы аға буын өкілдерінің білімі мен тәжірибесін жас мамандардың біліктілігін көтеруге пайдалану үшін жас мамандарға тәлімгерлік жасауға тартудамыз. Бұл нәтижесіз емес, өндірістік тәжірибеден өтуге келген техникалық жоғары оқу орындарының көптеген түлектері, бүгінгі таңда сынақтан сәтті өтіп, жауапты лауазымдық қызметтерді атқарып жүр. Мамандар тапшылығын азайту мақсатында жоғары оқу орындарымен ғана емес, кәсіптік-техникалық колледждермен де әріптестік байланыс орнатып, тығыз қарым-қатынас жасаймыз. Маманға, еңбек адамына жасалған қолайлы жағдайдың нәтижесінде кадр тұрақтылығын қамтамасыз ете алдық. Бізге жұмысқа тұруға келген  адамның арасында кері кеткен ешкім жоқ. Бәрі осында тұрақтап қалады, – дейді «АКҚЗ Group» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Шардинов.

Мерейтойға орай БАҚ өкілдері үшін ұйымдастырылған пресс-тур  кезінде Шухрат Ахметжанұлы өзі бас болып, Алматы көпір құрамалары зауытының өндіріс  процесімен таныстырып шықты. «АКҚЗ» ЖШС бұйымдары көрмесінен бастап, зертхана мен әрбір цехтың қызметін  ондағы жетекші мамамандармен бірге жан-жақты түсіндіріп берді. Сондай-ақ өндіріс орнындағы қызметкерлерге арналған шаштараз, кеңесші дәрігер, физиопроцедуралар, фитнес залы, бассейн, дүкен сияқты тұрмыстық, медициналық, спорттық, қоғамдық қызмет көрсету бөлмелері мен қазақ тілі кабинетін аралатты.

17 гектар аумақты алып жатқан зауыттың іші де сырты да тап-тұйнақтай. Ерекше ұқыптылықпен өсірілген жасыл желек, демалыс орындары, субұрқақтар мен көркем мүсіндердің бәрін қызметкерлер өз қолымен орнатқанын естіген кезде еріксіз таңдай қаққандар аз болмады.  Журналистердің бірінен кейін  бірі жарыса қойған сауалынан кейін  Ш.Шардинов қоршаған ортаның жанға жайлы болуы үшін әрбір цех арасында жыл сайын зауытта арнайы байқау жариялғанын, өз ауласын үздік безендірген цехқа 1 млн теңгеге дейін жүлде тағайындалғанын жеткізді. Осындай қолдаудың нәтижесінде жүлде алған 1-3 орын иегерлері де, өзге қатысушылар да әр байқауға жоғары дайындықпен қатысады екен. Зауыт асханасы мен қызметкерлердің жеке қажеттіліктері үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен өнімді балғын күйінде және тұрақты бағада жеткізіп,  апта сайын арнайы жәрмеңкелер  өткізіп тұруын қарастыратын арнайы  келісімшарт жасалған. Шетелдегі әріптестерінің өндірісі мен ондағы қызметкерлердің  тұрмыс жағдайымен  танысып, демалып қайтуы үшін жыл сайын 40 адамға тегін жолдама да беріледі. Ал зауытқа қарасты «АКӨЗ Жаркент» туристік кешенінің жолдамасын әркім өзіне ыңғайлы уақытта қолайлы бағамен ала алады. Бұдан бөлек жас мамандарға уақытша тұру үшін жатақхана  беріліп, жеке тұрғын үй саламын дегендерге компанияның  2015 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан Индустриялдық құрылыс  комбинатында  жасалған құрастырмалы монолитті қаңқалы үйлері несиеге қолайлы шартпен   беріледі.  

«Мына цехта немістердің технологиясы бойынша жылына 350 мың теміржол шпалы жасалады. Мұнда  барлық процесс автоматандырылған. Оны  5 жыл бұрын 2018 жылы 25 мамырда іске қосқанбыз. Сол уақыттан бері ол бір күн де тоқтаған жоқ. Біздің шпалдар 30 тоннаға дейін жүк көтере алады. Оның үстімен темір жол пойызы  300 км/сағатпен жүре алады. Бұл шпалға   еліміздің жалпы сұранысы 1 млн дананы құрайды.  Оның  350 мыңын біз жабамыз. Қалғанын отандық өзге өндірушілер толтырады. Соның нәтижесінде Қазақстан ішкі нарықты толықтай өз өнімімен қамтамасыз етеді. Біз шпалды сырттан импорттамаймыз. Керісіншеоны біз Өзбекстианға шығара бастадық. Сондай-ақ  Ақтөбеден өз филиалымызды аштық. Онда батыс өңірлер үшін көпір салуға темірбетон өнімдері мен шпал шығарылады.  Ресеймен де келіссөз жүргізіп жатырмыз. Онда «Ресей темір жолының» монополиясы бар. сырттан шпал кіргізу өте қиын. Дегенемен  келіссөздер бойынша қандай да бір оң нәтижелер бар. Біздің шпал оларға қатты ұнайды. Өйткені заманауи. Кеңестік технология бойынша Ресей өндіретін шпалдар 24 тонна ғана жүк көтере алады. Біздікі 30 тонна. Бұл оларды қанағаттандырады. Сондықтан онда өз өнімімізді жеткізуді биыл бастап кереміз  деп үміттенем», – деген «АКҚЗ» ЖШС директоры Алексанеһдр Терещенконың сөзіне қарағанда АКҚЗ өз өнімдерінің сапасына 50 жылдық кепілдік беріп  отыр. Егер бәрі талапқа сай пайдаланыса тіпті 100 жылға дейін қызмет көрсете алада. Ал көпірлер 9 балдық зілзалаға да төзімді. Сондықтан Батыс Қытай-Батыс Еуропа дәлізіндегі көпірлердің 80 пайызы осым зауаттың өнімінен жасалып отыр. Ал 2018 жылдан бері қолданысқа енгізілген 42 метрлік инновациялық темірбетон балкалары еліміздегі 72 көпірде қолданысқа еніп үлгерді. Олар  көпір құнын 30 пайызға дейін азайтуға мүмкіндік берген.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ «Заң газеті»

ШЫРҒАЛАҢДА ШЫҢДАЛҒАН ШЫНАЙЫ ДОСТЫҚ

Биыл, жетпіс жыл бойы үстемдік еткен Орталық комитеттің озбыр...

АЗАТТЫҚ ТАҢЫН ЖАҚЫНДАТТЫ

Гүлмира СҰЛТАНӘЛИ, Желтоқсан көтерілісінің қатысушысы, Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы елшілігінің кеңесшісі, Бірінші...

Золотой врач: история анестезиолога из Акмолинской области

Еламан Таженов ― анестезиолог-реаниматолог областной многопрофильной детской больницы Кокшетау,...

Ұлт оқитын кітаптар бір жерде: «Әдебиет» порталының жаңа бастамасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда қазіргі ұрпақ кітап...