12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қызылордада рақымшылықпен тағы бір сотталған бостандыққа шықты

«Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заң аясында Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінен алғаш рет рақымшылықпен бір сотталған бостандыққа шықты.

55 жастағы ер адам ұрлық жасағаны үшін сотталған. Жаза мерзімінің аяқталуына небәрі бес ай қалған еді.
Бостандыққа шыққан азамат өз қателігін мойындап, жаңа өмірге қадам басуға дайын екенін айтты:

– Қателігімді түсіндім. Жер ортасына келген жаста қылмыс жасап, сотты болғаныма өкінемін. Енді отбасымның жанына барып, балаларыма тәрбие беріп, жіберген қателігімнің орнын толтырғым келеді. Қаншама уақытым зая кетті. Рақымшылықпен босап жатқаныма қуаныштымын, – деді ол.
Айта кету керек, бұған дейін де рақымшылықпен ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінен 3 сотталған және пробация қызметінен 15 сотталған азамат бостандыққа шыққан болатын.

Для осужденных женщин проводились курсы профессиональной подготовки

В целях исполнения пункта 3.7 протокола, проведённого Руководителем Администрации...

Сотталған азаматшаларға кәсіби курстар өткізілді

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының А.А. Дадебай төрағалығымен өткен...

Жетісу облысында пробация қызметі профилактикалық шара өткізуде

Жетісу облысы Ескелді аудандық пробация қызметі жергілікті полиция қызметкерлерімен...