12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қызылордада пробация есебіндегі азаматтар арасында үстел теннисі мен футболдан спорттық шара өтті

Қызылорда облысының Қазалы ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар арасында спорттық жарыс ұйымдастырылды. Жарыс үстел теннисі мен футбол спорт түрлері бойынша өтті. Іс-шараны «Қармақшы» қоғамдық бірлестігі мен аудандық пробация қызметі бірлесе отырып ұйымдастырды.

Шараның басты мақсаты – пробацияда тұрған азаматтарды қоғамға бейімдеу, олардың өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Жарысқа қатысушылар белсенділікпен атсалысып, өзара достық қарым-қатынаста ойын көрсетті.

– Осындай жарыстар біз үшін үлкен қолдау. Көпшілігіміз қателесіп, қиын жағдайға тап болдық. Бірақ бұл өмірдің соңы емес. Осындай шаралар арқылы өзімізді қоғамның бір бөлігі ретінде сезінеміз. Бүгінгі жарыста өзімді бұрынғыдай еркін сезіндім. Алаңда ойнап, командаластарыммен бірге жеңіске ұмтылған сәттер өте әсерлі болды. Алғысым шексіз, – дейді жарысқа қатысқан пробация есебіндегі азамат .

Іс-шара соңында үздік ойыншылар мен командалар марапатталып, арнайы алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Состоялось заседание Комитета профсоюзной организации области Абай

В городе Семей прошло заседание Комитета Общественного объединения «Профсоюзная...

Аягөз аудандық пробация қызметі тарапынан қайырымдылық көмек көрсетілді

Қасиетті Рамазан айы аясында Аягөз аудандық пробация қызметі бөлімінің...

Азаматтардың 70%-дан астамы жаңа Конституция бойынша референдумға қатысуға ниетті

Қазақстандық қоғамдық даму институты алдағы референдум туралы халықтың хабардарлығы...

Алматы метрополитені қызметкерлері референдумды қолдайды

Қалалық Жалпыұлттық коалиция өкілдері — Бахтияр Камалов пен Досымбек...

Қалалық Жалпыұлттық коалиция мүшелері «Көк Төбе» демалыс саябағының ұжымымен кездесу өткізді

Қалалық Жалпыұлттық коалиция мүшелері — Бахтияр Камалов пен Досымбек...