Қызылордада пробация есебіндегі азаматтар арасындағы 35 құқық бұзушылық электронды білезік арқылы анықталды

Қызылорда облысында пробация қызметінің бақылауында тұрған азаматтардың жүріс-тұрысын қадағалауға бағытталған электронды білезіктер тиімділігін көрсетуде. Жыл басынан бері осы құрылғылардың көмегімен 35 құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде 31 жағдайда сотталғандар түнгі уақытта мекенжайын рұқсатсыз тастап кетсе, тағы 4 дерек – әкімшілік аумақтан пробация қызметінің келісімінсіз шыққан азаматтарға қатысты тіркелген. Электронды білезіктер — жазаны өтеу тәртібін бірнеше рет бұзған, шартты түрде сотталған немесе қоғамдық қауіпсіздікке әлеуетті қауіп төндіруі мүмкін адамдарға қолданылады. Бұл құрал тәулік бойы үздіксіз бақылау жүргізуге, сондай-ақ сот жүктеген шектеулердің орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жыл басынан бері үш сотталған азамат электронды құрылғыны қасақана зақымдау немесе шешіп тастау әрекетімен жауапкершілікке тартылды. Салыстырар болсақ, өткен жылы мұндай жеті дерек тіркелген. Жуырда тағы бір есептегі азаматқа электронды білезік тағылды. Ол пробация қызметінің талаптарын жүйелі түрде орындамаған, сот жүктеген міндеттерден жалтарған. Қазір ол бақылауға алынып, қадағалау құралымен жабдықталды. — Өзім кінәлімін. Ұрлық жасағаным үшін жауап беріп жатырмын. Құрылғы маған кедергі емес, керісінше тәртіпке келтіріп отыр. Құқық бұзуға ниетім жоқ. Жазамды өтеп, пробация есебінен шығуды қалаймын, — дейді есептегі азамат. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті пробация қызметі алдағы уақытта да сотталғандарды қоғамға бейімдеу, тәртіпке салу және құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмысын жалғастыра бермек.

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...

Локализация и ее преимущества 

Делегация Казахстана посетила ряд ведущих европейских предприятий, специализирующихся на...

Патриотами не рождаются, патриотами становятся 

Воспитание подрастающего поколения в духе патриотизма и духовных ценностей...