Қызылордада есептегі жастар спорттық сайысқа қатысты

Қызылордада пробация есебіндегі жастар арасында кроссфит спорттық сайысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласында пробация есебінде тұрған жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында кроссфит спорттық сайысы ұйымдастырылды. Аталған шараны облыстық жастар ресурстық орталығы мен қалалық пробация қызметі бірлесіп өткізді. Қатысушылар өз ептілігі мен шыдамдылығын бес кезең бойынша сынады. Жарысқа 5 команда бақ қатысты. Шара барысында жастар тек физикалық күш пен дайындықтарын ғана емес, сонымен қатар командалық ынтымақтастық пен өзара қолдаудың маңыздылығын көрсетті. Спорттық жарыс жеңімпаздарын анықтап, қатысушылардың барлығы марапаттарға ие болды.

— Бүгінгі спорттық шараға белсенділік танытып, командамызбен 1-орын алдық. Спортпен жиі айналысып жүргендіктен, бұл сайыс маған аса қиындық тудырмады. Командалық рухты көтеріп, бәріміз бірлесіп күш жинап, жеңіске жеттік. Мұндай шаралар біз үшін өте маңызды – бұл жаңа өмірге деген ынта мен сенімді арттырады, – деді есептегі азамат.

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық: сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...