12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қызылордада ҚАЖ мекемесінен үш сотталған мерзімінің аяқталуына байланысты бостандыққа шықты

Бүгін Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №37 мекемесінен жазасын толық өтеген үш азамат бостандыққа шықты. Мекеме әкімшілігі босатылған сотталғандар үшін “Қақпа алдында кездесу” әлеуметтік шарасын ұйымдастырды.

Аталған іс-шара — бостандыққа шыққан азаматтардың қоғамға бейімделуіне, әлеуметтік қолдау алуына және қайта құқық бұзбауына бағытталған. Шара аясында ҚАЖ қызметкерлері мен сала мамандары босап шыққандармен жеке әңгімелесіп, олардың алдағы өмірлік жолына бағыт-бағдар берді. Сондай-ақ, заң аясында олардың құқықтары мен міндеттері, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, мемлекеттік қолдау түрлері және қайталама құқық бұзушылықтардың салдары егжей-тегжейлі түсіндірілді.

“Бүгін мен үшін қуанышты күн. Жазамды толық өтеп шықтым. Мамандардан болашаққа қажетті ақпараттар мен бағыт-бағдар алдым. Ендігі мақсатым — жұмыс істеп, отбасымның тірегі болу. Армандарым да жоқ емес. Сыртта мені бауырларым күтіп тұр. Енді тек алға жылжып, жақсы өмір бастау керек деп ойлаймын”, – деді босатылған азамат.

Сотталғандарды мекеме алдында олардың жақын туыстары қарсы алды.

ҚАЖ департаменті мұндай шараларды жүйелі түрде ұйымдастырып келеді. Бұл — тек сотталғандарды босатып қана қоймай, оларды қоғамға бейімдеу, жаңа өмірге бағыттау мақсатында атқарылып жатқан маңызды әлеуметтік жоба.

«Капитан Байтасов» фильмі көрсетілді

Бүгін, 2025 жылғы 12 қарашада, республикалық акция аясында «Құрмет...

Прошёл показ фильма «Капитан Байтасов»

Сегодня, 12 ноября 2025 года, в рамках республиканской акции...

Қылмыстық — атқару жүйесі органының ардагерінің үйінде сенбілік өтті

Ішкі істер министрлігінің ардагерлер күніне орай және Ішкі істер...

«Үміт сәулесі» – қолөнер арқылы жаңа өмірге қадам

№79 түзеу мекемесінде «Үміт сәулесі» атты ерекше іс-шара ұйымдастырылды....