Қызылордада ҚАЖ қызметкерлеріне азаптауды болдырмауға бағытталған семинар-тренинг өтті

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері бүгін маңызды семинар-тренингке қатысты.ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің бастамасымен «Азаптауды, қатыгез, адамгершілікке жат немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынасты болдырмау және кінәсіздік презумпциясын сақтау» тақырыбындағы бұл шараны «Қадір-қасиет» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Семинарды ҚАЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы, әділет полковнигі Жәнібек Мелдебекұлы ашып, қатысушыларға семинардың негізгі мақсатын түсіндіріп өтті. Ол өз сөзінде ҚАЖ қызметкерлерінің адам құқықтарын сақтау мәдениетін жетілдіру, азаптаудың алдын алу, заң аясында әрекет ету маңыздылығын ерекше атап өтті.

Тренинг барысында «Қадір-қасиет» қоғамдық бірлестігінің директоры Анар Нұрлыбаевна Ибраева «Азаптау еркіндігі: құрамы, элементтері мен стандарттары» тақырыбында баяндама жасап, халықаралық және ұлттық заңнама талаптарын жан-жақты түсіндірді.

Іс-шараға Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары, әділет полковнигі Аман Нағашыбекұлы Күлмұхамбетов, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Ұзақұлы Байқожаев, Болашақ университетінің кафедра меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты Гүлнар Ишанбекқызы Арғынбекова және облыстық психикалық денсаулық орталығының өкілі Әсел Асылбекқызы Абдеш қатысты.

Тренинг пікір алмасу, диалог және ашық талқылау форматында өтті. Қатысушылар азаптаудың құқықтық сипаттамасы, оған қарсы күрес жолдары, кінәсіздік презумпциясы, сондай-ақ ар-намысты қорлайтын және адамгершілікке жат іс-әрекеттер арасындағы айырмашылықтар туралы құнды ақпарат алды.

Семинар соңында қатысушы ҚАЖ департаменті мен мекеме қызметкерлеріне сертификаттар табысталды.

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...