Қызылорда облысында сотталғандар Абай шығармашылығын дәріптеді

Қызылорда облысында сотталғандар Абай шығармашылығын дәріптеді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде қазақтың ұлы ойшылы, ақыны әрі ағартушысы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған мәдени-танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Кешкі мектептің ұстаздары сотталғандарға дәріс өткізіп, ұлы тұлғаның өмір жолы мен шығармашылық мұрасын жан-жақты таныстырды.

Сабақ барысында Абайдың қара сөздері мен өлеңдеріндегі тәлім-тәрбиелік ойлар кеңінен түсіндірілді. Шараға сотталғандар белсене атсалысып, ақынның өлеңдерін жатқа оқыды. Белсенділік танытқандар мекеме әкімшілігінің алғыс хаттарымен марапатталды.

– Абайдың шығармаларын қайта оқу бізге үлкен ой салды. Қара сөздерінен өмірлік сабақ алып, өз-өзімізді тәрбиелеуіміз қажет екенін түсіндік. Мұндай шаралар бізді жақсылыққа, адалдыққа жетелейді. Алдағы уақытта қателіктерімізді түзетіп, қоғамға пайдалы азамат болуға тырысамыз, – деді сотталғандардың бірі.

Задержали зарплату: куда обращаться?

СВОЕВРЕМЕННАЯ И ПОЛНАЯ ВЫПЛАТА ЗАРАБОТНОЙ ПЛАТЫ ПРЕДСТАВЛЯЕТ СОБОЙ НЕ...

Рецидив преступлений

Рецидив – наиболее опасная форма множественности преступлений, так как...

Исполнительная надпись: как защитить права в суде

ЕСЛИ ДОЛЖНИК СВОЕВРЕМЕННО НАПРАВИЛ МОТИВИРОВАННОЕ ВОЗРАЖЕНИЕ, НОТАРИУС ОТМЕНЯЕТ ИСПОЛНИТЕЛЬНУЮ...

Казахстанский детектив и новые ориентиры

ИЗ ГОДА В ГОД КАЗАХСТАН УКРЕПЛЯЕТ СВОЕ ЛИДЕРСТВО В...