Қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтіру басым бағыттардың бірі болып табылады

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалауды және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

Жоғарыдағы көрсетілген міндетті орындау мақсатында азамат К. (бұдан әрі — Мемлекеттік қызмет алушы) түскен шағымы негізінде, аталған шағымдағы уәждерді жан-жақты, объективті және толық қарау мақсатында Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасында «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет бойынша негізсіз дәлелді бас тарту және мемлекеттік көрсету тәртібі бұзылғандығы бойынша бұзушылықтар анықталды.

Сұрау хаты бойынша мемлекеттік қызмет беруші, яғни Алматы қаласының жоспарлау және урбанистика басқармасымен мемлекеттік қызмет көрсету барысында негізсіз бас тарту және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бұзылуы фактісі расталып, қызмет алушының құқықтарын қалпына келтіру және орын алған заңбұзушылықтарды жою туралы ұсыным енгізілді.

Сонымен қатар, Алматы қаласының Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы басшысы ҚР ӘҚБтК-нің 465-бабының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі таңда, қызмет алушы құқықтары жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгертіліп толық көлемде қалпына келтірілді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Алматы қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының

бас маманы

Төреқан Г.Б

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...