Қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтіру басым бағыттардың бірі болып табылады

         Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалауды және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

         Жоғарыдағы көрсетілген міндетті орындау мақсатында азамат Д.А.Ревшановтың (бұдан әрі — Мемлекеттік қызмет алушы) түскен шағымы негізінде, аталған шағымдағы уәждерді жан-жақты, объективті және толық қарау мақсатында Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасында «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет бойынша негізсіз дәлелді бас тарту және мемлекеттік көрсету тәртібі бұзылғандығы бойынша бұзушылықтар анықталды.

         Жоспардан тыс тексеру бойынша мемлекеттік қызмет беруші, яғни Алматы қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасымен мемлекеттік қызмет көрсету барысында негізсіз бас тарту және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бұзылуы фактісі расталып, қызмет алушының құқықтарын қалпына келтіру және орын алған заңбұзушылықтарды жою туралы  ұсыным енгізілді.

         Қазіргі таңда, қызмет алушы құқықтары жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгертіліп толық көлемде қалпына келтірілді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Алматы қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының

бас маманы

Құрманқұлов Ә.Ж.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...