12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ҚЫЗМЕТ ПЕН СПОРТТЫ ҚАТАР ҚОЙҒАН ШЕНДІ АРУ

Түркістан облысы Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағындағы әрбір қызметкер өзінің қырағылы мен жұмысқа деген жауапкершілігі бойынша ерекшеленеді. Олар дене шынықтыру даярлығымен және жауынгерлік күрес тәсілдерімен, атыс даярлығымен күнделікті шұғылданып, әркез жауынгерлік әзірлікте жүреді. Оған қоса спортты серік етіп, әлемді бағындырған, тіптен күш-қайратымен рекорд орнатқандар да осы саланың қызметкерлері.

Оған дәлел – Түркістан облыстық полиция департаменті жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың аға инспекторы Айнұр Ақжігітова. 15 жылдан бері спортпен үздіксіз айналысып жүрген погон таққан ару жарыстардан туған жеріне жүлдесіз қайтпаған. Оның жеңіске деген жігеріне ел сүйсінеді.

Батырлығы мен батылдығы бір бойынан табылатын Айнұр 2020 жылдан бері ішкі істер органдарында қызмет етіп келеді. Қызмет пен спортты ұштастыра алған погонды ару самбодан, жауынгерлік самбодан, белбеу күресінен және қазақ күресінен спорт шебері атанған. Айнұр осы жылы да жеңісті ешкімге бермеді.
2025 жылғы 7-17 тамыз аралығында Қытайда өткен Дүниежүзілік ойындарында әлем¬нің 114 елінен келген 3 962 атлет 34 спорт түрінен 256 медаль жиынтығын сарапқа салды. Чэнду қаласында төрт жылда бір мәрте өтетін халықаралық додада Айнұр өте сәтті өнер көрсетіп, жауынгерлік самбодан соңғы секундтарда жеңісті жұлып алды.
Байрақты бәсекеде Қазақстан полициясының атын шығарып, үздік өнер көрсеткен Айнұр Мемлекет басшысының қолынан марапат алды. Бұл кез келген жанға бұйыра бермейтін бақ. Полицей қыздың бұл жетісіктері және қызмет пен спортты қатар алып жүруі басқа да әріптестеріне үлгі болары сөзсіз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Конституция қоғамның ортақ құндылықтары мен жауапкершілігін айқындайды – Аида Балаева

Бүгінде Мемлекет басшысының ел дамуының стратегиялық бағдарына негізделген саяси...

Әділ еңбек, қауіпсіз жұмыс, лайықты жалақы: Максим Рожин жаңа Конституцияның маңызды тұсын атады

Жаңа Конституцияның нормалары өндіріс орындарындағы адамдар үшін нақты, өмірлік...

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Мәжіліс депутаты, «Ұлттық...

Қазақстан азаматтары қос немесе көп азаматтық ала алмайды: жаңа Конституцияның жобасына нақтылау енгізілді

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын...