«Қыркүйек» пе, әлде «қыргүйек» пе? Оқу-ағарту министрі даулы сөзге қатысты пікір білдірді 

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысынан кейінгі брифингте қоғамда талқыға түскен «қыркүйек» сөзінің жазылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, сөз құрамындағы әріптің өзгеруі Оқу-ағарту министрлігінің құзыретіне жатпайды. Бұл мәселені тіл білімі мамандары зерттеп, ғылыми тұрғыдан бағалауы қажет.

«Бұл мәселе мені де қызықтырды. Ғалым Рабиға Сыздықтың ғылыми зерттеулеріне жүгінуге тура келді. 1980-жылдардан бастап сөздің айтылуы мен жазылуы арасындағы заңдылықты сақтай отырып, емлеге өзгеріс енгізу мәселесі талқыланған. Өзім “қыркүйек” сөзін “к” әрпімен жазамын. Өйткені бізге кезінде осы норма бойынша білім берілді», – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Оның сөзінше, бұрынғы деректерде «қыргүйек» нұсқасының қолданылу үлесі 93 пайызға дейін жеткен.

«Меніңше, “қыркүйек” немесе “қыргүйек” деп жазудың ешқайсысын бірден қате деуге болмайды. Мысалы, қазір “Ботакөз” емес, “Ботагөз” деп айтамыз. Бұл да қазақ тіліндегі сөздердің айтылуы мен жазылуына қатысты өзіндік ерекшелік. Сондықтан оны тілдік норма деп қабылдаған жөн», – деді министр.

Жұлдыз Сүлейменова сөздің дұрыс немесе бұрыс нұсқасын анықтауда тілтанушы ғалымдардың пікіріне құлақ асу қажет екенін айтты.

Елімізде колледждерге бөлінетін қаржы 34%-ға артты 

Соңғы үш жылда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне мемлекеттік қолдау күшейіп, қаржыландыру, білім беру тапсырысы және студенттер саны артты.

Непалдағы көшкіннен қаза тапқандар саны 1355 адамға жетті 

Тағы 4 996 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Қазақстандықтардың 82%-ы тұрғылықты жеріндегі өмірге риза – экономист 

Қазақстандықтардың басым бөлігі өз қаласы мен ауылындағы оң өзгерістерді байқап отыр.

Әлеуметтік қызметкерлерге жаңа талап: Қазақстанда біліктілік қалай бағаланады? 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, әлеуметтік қызметкерлердің 1 251-і үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істейді. Мамандардың басым бөлігі – 55,5%-ы ауылдық жерлерде, қалған 44,5%-ы қалаларда еңбек етеді.

1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлем тағайындау тәртібі өзгереді

2027 жылдан бастап кей азаматтарға әлеуметтік төлем берілмеуі мүмкін.