Елімізде колледждерге бөлінетін қаржы 34%-ға артты 

Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне бөлінетін мемлекеттік қаржы соңғы үш жылда 34,1%-ға өсті. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған жүйелі шешімдері саланы жетілдіруге мүмкіндік беріп отыр.

2025-2026 оқу жылында ТжКБ жүйесін мемлекеттік қаржыландыру көлемі 424,9 млрд теңгеге жетіп, бір жылда 11%-ға артқан. Ал соңғы үш жылдағы өсім 108,2 млрд теңгені немесе 34,1%-ды құрады.

Сонымен қатар студенттер контингенті 542,7 мың адамнан 556,2 мың адамға дейін өсіп, 13,5 мың білім алушыға артқан.

Мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі де ұлғайып келеді. 2023-2024 оқу жылында 344,9 мың орын болса, 2024-2025 оқу жылында 374,3 мың орынға, ал 2025-2026 оқу жылында 393,3 мың орынға жеткен. Үш жылдағы өсім 48,4 мың орынды немесе 14%-ды құрады, — деді еліміздің бас ұстазы Үкімет отырысында.

Түлектер саны да артқан. 2023-2024 оқу жылында 141,3 мың адам білімін аяқтаса, 2025-2026 оқу жылында бұл көрсеткіш 169,2 мың адамға дейін жетіп, 19,8%-ға өсті.

Атап айтқанда, жұмысшы біліктіліктері бойынша түлектер саны 47,5 мыңнан 60,1 мың адамға дейін, орта буын мамандары 88,2 мыңнан 103,2 мың адамға дейін артқан.

Сондай-ақ түлектерді жұмысқа орналастыру көрсеткіштері де жақсарған. Мамандығы бойынша жұмысқа орналасқандар саны 72 мыңнан 90,6 мың адамға дейін, ал жұмысқа орналасқан түлектердің жалпы саны 92,8 мыңнан 112,7 мың адамға дейін ұлғайған.

Ендігі міндет – осы мүмкіндіктерді еңбек нарығының нақты сұранысына жауап беретін нәтижеге айналдыру. Осы мақсатта 2025-2027 жылдарға арналған ТжКБ жүйесін трансформациялау жол картасы іске асырылуда, – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Министрдің айтуынша, жол картасының негізгі бағыттары – кадр даярлауды экономика сұранысына бейімдеу, бизнестің қатысуын кеңейту, білім беру мазмұнын жаңарту және жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру.

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.

Еңбек ардагерлері, жұмысшы кәсіп, ғылым мен денсаулық сақтау өкілдері – Президент мемлекеттік наградаларды беру туралы Жарлыққа қол қойды 

Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді? 

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін білдіретін ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.