21.02.2026 Қылмыстық заңдарды өзгерту –заман талабы 24 FacebookVKWhatsAppTelegram Елімізде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексіне өзгерістер енгізу туралы» заңдар қабылданды. Биылғы және былтырғы түзетулер нәтижесінде осы заңдармен қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтарын қорғау, сот ісін жүргізуді жетілдіру, адам өмірі мен денсаулығына қарсы қылмыстар жауапкершілігін күшейту көзделді. Негізгі өзгерістер қатарында зорлық-зомбылыққа қарсы жаза мерзімдерін ұзарту, сондай-ақ, Қылмыстық процестік кодексті оңтайландыру, қатаң бұлтартпау шараларын енгізу бар. Осы жаңашылдықтар арқылы азаматтардың құқықтарын қорғау шараларын арттыру көзделіп отыр. Қылмыстық процестік кодекске енгізілген 65-1-бабының жаңашылдығы адам қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз немесе хабарда оны жасаушы ретінде көрсетіліп, куә оған қарсы айғақтар берсе, алайда, оған процестік ұстап алу қолданылмаса не оны күдікті деп тану туралы қаулы шығарылмаса, ол қорғалуға құқығы бар куә мәртебесін алады. Сонымен қатар, 67-баппен қорғалуға құқығы бар куәгерге қорғаушының қатысу мiндеті бекітілді. Бұған қоса қорғалуға құқығы бар куәгерге қатысты қаулыларға ақы төлеу қарастырылған. Ал Қылмыстық кодекске 115-1-бап, яғни, заман ағымына қарай сталкинг қылмысы қосылды. Алдымен сталкинг туралы түсіндіріп өтсек, бұл адамның қалауынсыз байланыс орнатуға немесе оны аңдуға бағытталған. Бірақ, мұның зорлық-зомбылықпен байланысы жоқ, солай бола тұра айтарлықтай зиян келтіретін әрекеттің нәтижесінде адам заңсыз қудалауға ұшырауы мүмкін. Мұндай әрекетке барғандарға аталған кодекстің осы бабымен екі жүз АЕК-қа дейін айыппұл салынады немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейін қамаққа алу жазаларының бірі қолданылады. Сондықтан, азаматтар осы тектес әрекеттердің соңы қылмыстық жазаға әкелетінін білгендері жөн. Сонымен қатар, осы кодекске медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем жүргізушілеріне күш қолдану немесе сондай әрекетке оқталуға қатысты жауапкершілік белгілейтін жаңа 380-3-бап енгізілді. Мысалы, бұған дейін адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтіндәрежеде күш қолданғандарға бес жүзбен мың айлық есептік көрсеткіш (АЕК) арасында айыппұл салынса, биылдан бастап бұл сома көлемі көбейтілді, яғни, төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейін өсті. Бұдан әрі нақтыласақ, заңға сәйкес, осы көлемде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылдан төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ауырлататын мән-жайлар болған жағдайда, жаза күшейтіліп, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыруға әкеп соғады. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға қатысты және себептер бойынша өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолданғандар бес жыл мен он жыл аралығында, ал ауырлататын мән-жайларда жетіжылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айрылады. Осы тұста айтып өтерлігі, қылмыстың белгілерін саралауда медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем жүргізушілерін күш қолдану ниетімен қорқытқадарға бөлек жауапкершілік қарастырылған. Сонымен қатар, заң ішкі істер органдарының осы санаттағы істер бойынша алдын ала тергеу мен анықтауды жүргізу құзыретін белгілейді. Қылмыстық кодекстің 232-1-бабы банктік шоттары мен карталарын заңсыз бергендер мен оларды уақытша пайдалануға алғандардың жауапкершілігіне арналған. Мәселен, материалдық сыйақы немесе мүліктік сипатта пайда көру не оларды алу мақсатында үшінші адамға өзінің банктік шотын не төлем, сондай-ақ, сәйкестендіру құралын заңсыз бергендердің мүлкі тәркіленіп, бір жүз алпыс АЕК-қа дейінгі мөлшерде айыппұл салынады немесе осы мөлшерде түзеу жұмыстарына, не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. Қылмыстық заңдарда бұлардан да өзге оң өзгерістер жетерлік. Олардың барлығы қылмыстық процеске қатысушылардың жоғары деңгейде қорғалуына жол ашады. Айнұр Қызылбаева, Ақтау қалалық сотының төрағасы Маңғыстау облысы Жаңалықтар | Новости Референдум күні әр екі сағат сайын дауыс беру барысы туралы ақпарат беріліп отырады 13.03.2026 0 Барлық деңгейдегі референдум комиссиялары республикалық референдумды өткізуге дайындық жұмыстарын... Жаңалықтар | Новости Тұғыры биік туған тіл 13.03.2026 0 Тіл – ұлттың жаны, халықтың рухани тірегі. Әр халықтың... Жаңалықтар | Новости Электронды сот отырысын ұйымдастыру – сот жүйесіндегі тиімді жаңашылдық 13.03.2026 0 Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялардың дамуы қоғам өмірінің барлық саласына... Жаңалықтар | Новости В Назарбаев Интеллектуальной школе состоялась встреча с педагогическим коллективом, посвящённая обсуждению проекта новой Конституции 12.03.2026 0 В Назарбаев Интеллектуальной школе состоялась встреча с педагогическим коллективом,... Жаңалықтар | Новости Назарбаев Зияткерлік мектебінде педагогикалық ұжыммен жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған кездесу өтті 12.03.2026 0 Назарбаев Зияткерлік мектебінде педагогикалық ұжыммен жаңа Конституция жобасын талқылауға...