Қылмыстық сот ісін жүргізудегі әділдік қағидаты

Әділдік – қылмыстық сот ісін жүргізудің негізгі қағидаттарының бірі әрі құқықтық мемлекеттің басты құндылығы. Қазақстан Республикасы Конституциясының талаптарына сәйкес әрбір адамның құқықтары мен бостандықтары заңмен қорғалады, ал сот төрелігі заңдылық, әділдік және бейтараптық қағидаттарына негізделіп жүзеге асырылады.

Қылмыстық процестегі әділдік қағидаты соттың істі жан-жақты, толық және объективті зерттеуін, дәлелдемелерге заң талаптарына сәйкес баға беруін, кінәсіз адамды жауаптылыққа тартпауын және кінәлі адамның заңда белгіленген әділ жазаға тартылуын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің негізгі қағидаттары адамның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, соттың тәуелсіздігіне, кінәсіздік презумпциясына және тараптардың жарыспалылығына негізделген. Осы қағидалардың сақталуы ғана әділ сот төрелігін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Сондықтан әділдік қағидатын сақтау – азаматтардың сотқа деген сенімін нығайтатын және заң үстемдігін қамтамасыз ететін басты шарттардың бірі.

Ербол Дүйсенбаев,
Тараз қаласы
№2 сотының төрағасы

Патриот, ученый, учитель

(к 99-летию со дня рождения академика Султана Сартаева)  15 октября...

Пуля и Геля спасают жизни 

25 ЛЕТ РУКОВОДИТЕЛЬ КИНОЛОГИЧЕСКОГО ОТДЕЛЕНИЯ ОПЕРАТИВНО-СПАСАТЕЛЬНОГО ОТРЯДА ДЕПАРТАМЕНТА ПО...

Эффект NPC: Как видеоигры меняют сознание убийц

В 2025 ГОДУ В ШКОЛЕ БАНДАРУТАМА (МАЛАЙЗИЯ) 15-ЛЕТНИЙ ПОДРОСТОК...

Правовая модель циркулярной экономики

СЕГОДНЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ ПОЛИТИКА УЖЕ НЕ МОЖЕТ ОГРАНИЧИВАТЬСЯ ВОПРОСАМИ ВЫВОЗА,...

Между сервером и законом

МАСШТАБНЫЙ СБОЙ В РАБОТЕ СЕРВИСОВ «ЯНДЕКСА» И ФАКТЫ УТЕЧКИ...