Қылмыстық процестегі тараптардың теңдігі

Қылмыстық процестегі тараптардың теңдігі – әділ сот талқылауының негізгі кепілдіктерінің бірі. Бұл қағидат айыптау және қорғау тараптарына өз ұстанымдарын дәлелдеуге, дәлелдемелер ұсынуға, өтінішхаттар білдіруге және сот алдында өз құқықтарын тең дәрежеде қорғауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінде соттың бейтараптығы сақтала отырып, тараптардың жарыспалылығы мен тең құқықтылығы қамтамасыз етілетіні белгіленген. Сот ешбір тараптың мүддесін қорғамайды, тек ұсынылған дәлелдемелерді заң талаптарына сәйкес бағалап, әділ шешім қабылдайды.

Тараптардың теңдігі қағидатының сақталуы айыпталушының қорғану құқығын толық жүзеге асыруына, жәбірленушінің құқықтарының қорғалуына және прокурордың заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиімді орындауына ықпал етеді.

Осы қағидатты бұлжытпай сақтау – қылмыстық сот ісін жүргізудің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз ететін маңызды құқықтық тетік болып табылады.

Назерке Рысқұл,
Тараз қаласы
№2 сотының судьясы

Патриот, ученый, учитель

(к 99-летию со дня рождения академика Султана Сартаева)  15 октября...

Пуля и Геля спасают жизни 

25 ЛЕТ РУКОВОДИТЕЛЬ КИНОЛОГИЧЕСКОГО ОТДЕЛЕНИЯ ОПЕРАТИВНО-СПАСАТЕЛЬНОГО ОТРЯДА ДЕПАРТАМЕНТА ПО...

Эффект NPC: Как видеоигры меняют сознание убийц

В 2025 ГОДУ В ШКОЛЕ БАНДАРУТАМА (МАЛАЙЗИЯ) 15-ЛЕТНИЙ ПОДРОСТОК...

Правовая модель циркулярной экономики

СЕГОДНЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ ПОЛИТИКА УЖЕ НЕ МОЖЕТ ОГРАНИЧИВАТЬСЯ ВОПРОСАМИ ВЫВОЗА,...

Между сервером и законом

МАСШТАБНЫЙ СБОЙ В РАБОТЕ СЕРВИСОВ «ЯНДЕКСА» И ФАКТЫ УТЕЧКИ...