12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қылмыстық істердің әскери соттарға соттылығы

Егемен еліміздің әскери соттары 1992 жылдан бастап жұмыс істейді. Әскери соттың соттылығына жататын істер ҚР Қылмыстық процестік кодекстің (ҚПК) 311-бабымен айқындалған. Осыған сәйкес, әскери сот апелляциялық сатыдағы сот ретінде әрекет етеді.

Ал қылмыстық істердің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттар мен гарнизондардың әскери соттарының соттылығы осы кодекстің 309-бабында көрсетілген. Айтып өтерлігі, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттар мен гарнизондардың әскери соттары бірінші сатыдағы сот ретінде әрекет етеді.

Бұдан әрі нақтыласақ, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттар ҚПК-нің 309-бабының 2-бөлігімен белгіленген істерді қарайды. Яғни, Қылмыстық кодекстің  18-тарауында көзделген аса ауыр әскери қылмыстар, сондай-ақ, әскери қызметшілердің  қызметтік міндеттерін орындау барысында немесе әскери бөлімдер, құрамалар, мекемелер орналасқан аумақтарда осы аталғандардың азаматтық персонал адамдары тарапынан жасалған, т.б. қылмыстық істер қаралады.

309-баптың 3-бөлігіне сәйкес, гарнизондардың әскери соттарының соттылығына Қылмыстық кодекстің 18-тарауындағы әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар, сонымен бірге, әскери қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындауға байланысты немесе осы бөлімдер, құрамалар және мекемелер орналасқан жерде әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің азаматтық персоналының адамдары жасаған басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық істер жатады.

 Тағы бір тоқталып өтерлігі, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттар мен гарнизондардың әскери соттарында үкімді орындау сатысында өздерінің соттылығына жатқызылған істер бойынша ҚПК-нің  475-476-баптарында  көрсетілген мәселелер қаралады.

Осы кодексте көзделген жағдайда жоғарыда аталған соттар соттылығына жатқызылған істерде іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қозғау туралы өтінішхаттарды  да қарайды.

Бұларды айтып отырғанымыз, әскери қызметкерлер Отан қорғауда алдыңғы шепте жүреді. Сондықтан, олардың тарапынан орын алатын қылмыстық істер мен қылмыстық құқық бұзушылықтарды әділ саралау әскери соттардың  міндетіне жатады. Қалай дегенде де қоғамды қылмыстан, қылмыстық құқық бұзушылықтардан арылту үшін оларды жасаған адамдарды тез арада әшкерелеп, қылмыстық жауаптылыққа тарту маңызды.

Демек, қылмыстық процесті жүргiзетін органдар қылмыстық процеске қатысатын азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын әділ қорғауға, оларды жүзеге асыру үшiн жағдай жасауға, сонымен қатар, заңды талаптарын қанағаттандыруда уақтылы шаралар қолдануға мiндеттi.

Азиза Сабит,

Алматы гарнизоны Әскери сотының

бас маманы- сот мәжілісінің хатшысы

Справедливые суды – основа правового государства 

ЗА ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ СУДЕБНАЯ СИСТЕМА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ЗАМЕТНО ПРЕОБРАЗИЛАСЬ,...

Последний атаман казахского кино…

УШЕЛ ИЗ ЖИЗНИ АСАНАЛИ АШИМОВ. ВЕЛИКИЙ АКТЕР. НАША ГОРДОСТЬ....

Орталық Азия – Жапония: жаңа стратегиялық диалог

2025 жылғы 20 желтоқсанда Токио қаласында өткен «Орталық Азия...

Құқықтық мәдениет: ұғымы, құрылымы және қоғамдағы рөлі

Құқықтық мәдениет – құқықтық мемлекеттің негізін құрайтын маңызды қоғамдық...

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қоғам үшін қауіптілігі

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына елеулі қауіп төндіретін...