12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қылмыстық істегі медиация

Республикамыздың Медиация туралы заңы халқымыздың дау шешуде ұмытыла бастаған бітімгершілік жолын қайта жаңғыртты. Аталған заңның жұмыс істегеніне он бес жылға жуықуақыт болды, бүгінде медиация барлық салада белсенді түрде қолданылып жатыр. ҚР Қылмыстық процестік кодекстің 341-бабы басты сот талқылауы барысында қылмыстық істі кейінге қалдыру және тоқтата тұру туралы мәселені реттейді. Мұның бір себебі, медиация рәсімін жүргізумен байланысты. Яғни, тараптар жанжалды шешуде татуласуға ниет білдірсе, сот ісі кейінге қалдырылып, медиацияны жүргізуге уақыт беріледі.

 Қылмыстық кодекстің 68-бабы татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуғаарналған. Егер айыпталушы қылмыстық теріс қылық, сондай-ақ, адам өліміне әкелмеген немесе онша ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыстарда жәбірленушімен, арыз берушімен медиация тәртібімен татуласып, келтiрiлген зиянды өтеген жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылады. 

 Осы баптың 2-бөлігінде қазаға ұшыратумен, адамның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмысты алғаш рет жасағандарға татуласу мүмкіндігі берілген. Олардың қатарында кәмелеттік жасқа толмағандар, жүкті және жас балалы, сондай-ақ, елу сегіз жастағы, одан асқан әйелдер, кішкентай баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған ерлер меналпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектер бар. Бұл үшін олар жәбірленушінің, арыз берушінің кешірімін алып, зиянды қалпына келтірулері тиіс. Қылмыстық жауаптылықтан босату кезінде кәмелеттік жасқа жетпегендерге тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары қолданылады.

  68-баптың бірінші және екінші бөлігімен нақтыланған адамдар қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтірсе және олар өздерінің бұл әрекеттеріне шынайы өкініп, келтірілген зиянды өтесе қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Мысалы, зиянды өтеу жәбірленушінің бүлінген мүлкін қалпына келтіріп, ұрланған затын қайтарып беру немесе қаржылай өтем төлеу, денсаулығын қарату, т.б. заңмен тыйым салынбаған нысандарда болуы мүмкін.

  Татуласуға жол берілмейтін қылмыс түрлері аталған баптың 4-бөлігімен белгіленген.Азаптаулар, сыбайлас жемқорлық, террористік, адам өліміне әкелген, адам саудасы, т.б. қылмыстарда медиация қолданылмайды.    

Қылмыстық істі қарау кезінде процесс қатысушыларына татуласудың заңмен бекітілген құқықтары түсіндіріледі. Медиация жәбірленушінің бұзылған құқықтары мен бостандықтарын толық әрі тез қалпына келтірудің бірден-бір тәсілі. Қылмыс жасаған адам жәбірленушімен өзара немесе медиатордың көмегі арқылы татуласа алады. Татуласу шараларын дұрыс  қолданбау адамның конституциялық құқығына нұқсан келтіреді. Медиацияны дау-жанжалды шешудің ең тиімді әдісі ретінде әлем халқы мойындағанын айта кеткен жөн болар

Асқар Оспанбеков,

Түрксіб аудандық сотының судьясыАлматы қаласы

Конституция қоғамның ортақ құндылықтары мен жауапкершілігін айқындайды – Аида Балаева

Бүгінде Мемлекет басшысының ел дамуының стратегиялық бағдарына негізделген саяси...

Әділ еңбек, қауіпсіз жұмыс, лайықты жалақы: Максим Рожин жаңа Конституцияның маңызды тұсын атады

Жаңа Конституцияның нормалары өндіріс орындарындағы адамдар үшін нақты, өмірлік...

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Мәжіліс депутаты, «Ұлттық...

Қазақстан азаматтары қос немесе көп азаматтық ала алмайды: жаңа Конституцияның жобасына нақтылау енгізілді

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын...