12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қылмыстық — атқару жүйесі органының ардагерінің үйінде сенбілік өтті

Ішкі істер министрлігінің ардагерлер күніне орай және Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал — майоры А. Сайтбековпен бекітілген 2025 жылғы жоспарының 4- ші тоқсанға арналған тармағын орындау мақсатында Қылмыстық — атқару жүйесі органының ардагерінің үйінде сенбілік өткізілді.

10 қараша — Ішкі істер министрлігінің ардагерлер күніне орай Атырау облысы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесі департаментінің құрметті ардагері, департаментке қарасты 79 мекемесінің алғашқы мекеме бастығы әділет полковнигі Нұрлыбек Кітапұлы Арыстанғалиевтың үйінің ауласында сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шара ұжымдық рухты нығайту, тазалық пен тәртіпті сақтау және ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында өткізілді.
Сенбілікке мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Марта Утепова бастап мекемедегі жас қызметкерлер белсене қатысты. Ардагеріміздің үйінің аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп, ағаштар мен жасыл желектер ретке келтірілді, сыртқы қоршау аймақтары абаттандырылды.

Іс-шара барысында мекеме бастығының орынбасары жас қызметкерлерге ардагердің қылмыстық — атқару жүйесі органына сіңірген еңбегі, еңбек атқарған уақытындағы ерекшеліктерімен жас ұрпаққа үлгі екенін атап өтті.
Мұндай іс-шаралар қызметтік және қоғамдық бірлікті нығайтып қана қоймай, патриоттық тәрбие берудің де тиімді жолы болып табылады. Шара соңында ардагеріміз мекеме қызметкерлеріне алғысын білдіріп тілектерін айтты.

Для осужденных женщин проводились курсы профессиональной подготовки

В целях исполнения пункта 3.7 протокола, проведённого Руководителем Администрации...

Сотталған азаматшаларға кәсіби курстар өткізілді

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының А.А. Дадебай төрағалығымен өткен...

Жетісу облысында пробация қызметі профилактикалық шара өткізуде

Жетісу облысы Ескелді аудандық пробация қызметі жергілікті полиция қызметкерлерімен...