Қуандық Бишімбаевтың туысы мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін бе? 

Қуандық Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов рақымшылыққа ілігіп, мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін. Бұл туралы оның адвокаты Ғазиз Ынтықбаев мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Адвокаттың айтуынша, Бақытжан Байжанов жазасын Степногорск қаласындағы орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеп жатыр. Оның ағасы Қуандық Бишімбаев та сол қалада, бірақ басқа мекемеде жазасын өтеп жатыр.

«Білуімше, Бишімбаев та сол қалада, бірақ басқа мекемеде. Ол қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде, ал Байжанов қауіпсіздігі орташа мекемеде. Бұл — қаланың әртүрлі жерінде орналасқан екі түрлі мекеме», — деп түсіндірді заңгер.

Байжанов шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін бе?

Ынтықбаевтың айтуынша, оның қорғауындағы адам 2025 жылғы жаздан бастап шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш беруге құқылы.

«Онымен үнемі байланыста емеспін, сондықтан өтініш берген-бермегенін нақты білмеймін. Бірақ сот мұндай өтініштерді әзірге қарастырған жоқ», — деді адвокат.

Қорғаушының айтуынша, Байжанов жазаны ауыстыру туралы өтініш білдіре алады.

«Ол сотқа тікелей емес, мекеме әкімшілігі арқылы өтініш береді. Алдымен мекеме барлық қажет ақпаратты жинайды: мінездеме, көтермелеу, дипломдары. Осыдан кейін құжаттар Степногорск сотына тапсырылады», — деп түсіндірді Ынтықбаев.

Байжанов рақымшылыққа іліге ме?

Заңгердің пікірінше, Бақытжан Байжанов рақымшылыққа ілігуі мүмкін. Алайда ол қылмыстық жауапкершіліктен толық босатылмайды.

«Екі санаты бар: қылмыстық жауапкершіліктен толық босату және мерзімін қысқартқан кезде жартылай босату. Байжанов екіншісіне ілігеді, қалған жазаның үштен біріне дейін қысқартуы мүмкін, өйткені қылмыс ауыр санатқа жатады», — деп нақтылады заңгер.

Байжанов не үшін сотталды?

Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша сотталды. 2024 жылы мамырда сот оны қылмысты жасырғаны үшін кінәлі деп тауып, 4 жылға бас бостандығынан айырды.

Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Санжар Боқаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты үкім жарияланды.

Рұқсат пен тыйым. Бас прокуратура депутаттарды сайлау алдында үндеу жариялады

Қазақстанда 29 қарашада мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. ҚР бас прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов сайлау алдында үндеу жариялады. Ол үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жасауға болмайтынын ескерті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елде кітапхана салуға көбірек көңіл бөлу керек 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде кітапханалар санын көбейту қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен AI Journey 2026 конференциясында оқушылар мен студенттер алдында сөйлеген сөзінде кітап оқу мәдениетіне ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.

Желтоқсан айында елімізде не қымбаттайды? 

Желтоқсан айында қазақстандықтарды бірқатар баға өзгерісі күтіп тұр. Tele2 және Altel кейбір тарифтерінің абоненттік төлемін 300 теңгеден 2 000 теңгеге дейін көтереді. СДЭК жеткізу қызметінің бағасын өзгертеді, ал Freedom Bank биржалық ноталарды сатып алу комиссиясын арттырады. Астанада қоғамдық көліктегі жолақы 110 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын шарықтатты: Brent $100-ға жақындады 

Brent маркалы мұнай бағасы 27 қараша, жұма күні соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткішке жақын деңгейде саудаланып жатыр. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі, Ормуз бұғазында танкерлерге жасалған шабуылдар және Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына соққы жасалуы себеп болған.