ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары қызметтік іссапармен Түркістан облысында болды

Түркістан облысына келген ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков жұмыс сапарын Ұлттық ұланның ғимаратымен танысудан бастады. Яғни №5574 әскери бөлімінің тыныс-тіршілігін қадағалап, толығымен тексеріп шықты.

Одан әрі Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровпен кездесіп, облыстағы криминогендік жағдайдың тұрақтылығы мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелерін талқылады.

Қызметтік іссапар ары қарай Түркістан облысы Полиция департаментінде жалғасты. Мұндағы шара қызмет бабында қайтыс болған қызметкерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды.

Сондай-ақ А.Балтабеков жедел басқару орталығы мен кезекші бөлімнің қызметін қарап, танысып шықты.

«Түркістанға ерекше мәртебе берілді және барлығы бұл өңірді туристік орталық ретінде жақсы біледі. Сондықтан осындай қасиетті жердің ел қорғандары әрқашан өз жұмыстарыңызға жауапты болып, қылмысты ашуда әділдікті ту етулеріңіз қажет. Президентіміз Қ.Тоқаев пен ҚР ІІМ Е.Саденовтың тікелей тапсырмаларымен жүзеге асып жатқан жобаларды барынша қолдап, жүйелі жұмыс жүргізіңіздер!»,- деп сөзін түйіндеді Аңсаған Балтабеков.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...

Локализация и ее преимущества 

Делегация Казахстана посетила ряд ведущих европейских предприятий, специализирующихся на...

Патриотами не рождаются, патриотами становятся 

Воспитание подрастающего поколения в духе патриотизма и духовных ценностей...