ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде «Ашық есік күні» өтті

53

2025 жылғы 26 шілдеде ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №64 мекемесінде шаруашылық қамтамасыз ету жасағының сотталғандары мен олардың туыстары үшін «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.

Қонақтарға тұрғылықты бөлмелер, асхана және тәрбие жұмыстары өтетін залдар көрсетілді. Іс-шара барысында қатысушылар сотталғандардың ұсталуының жағдайларымен танысып, мекеме әкімшілігімен пікір алмасты.

Сотталғандар өз жақындарына алғыс білдіріп, концерттік бағдарлама ұсынды. Шара шәй үстіндегі бейресми кездесумен аяқталды.

Мұндай іс-шаралар сотталғандардың әлеуметтік байланысын нығайтып, түзелуге деген ынтасын арттырады және қылмыстық-атқару жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.