12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ҚР Ұлттық орталық музейінде «Алтын Орда» жаңа көрме залы ашылады

Аида Балаева Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейіндегі «Алтын Орда» жаңа көрме залымен танысты. Экспозиция қазақ мемлекеттілігінің бастауы болған тарихи маңызды кезеңдердің біріне арналған.

Экскурсия барысында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі музей экспозицияларын ұйымдастырудағы терең әрі ғылымға негізделген тәсілдерді атап өтіп, Алтын Орда мұрасын келер ұрпаққа кеңінен насихаттаудың мән-маңызына тоқталды.

Жаңа зал ашудағы басты мақсат – көпшілікті XIII–XIV ғасырлардағы Алтын Орданың тарихымен, мәдениетімен таныстыру, оның қазақ мемлекеттілігінің бастауы ретіндегі рөлін көрсету және қоғамның тарихи санасын қалыптастыру.

Көрмеде музей қорынан алынған 200-ге жуық жәдігер ұсынылған. Қалалық мәдениет бөліміне тұрмыстық бұйымдар, зергерлік әшекейлер, Алматы облысы Шеңгелді ауылы маңынан табылған Шағатай әулеті ақсүйектерінің салтанатты киіміндегі жібек маталардың қиындысы қойылған. Әскери өнер бөлімінде қару-жарақ элементтері көрсетілген. Мемлекеттік құрылымға арналған бөлімде Алтын Орданың басқару жүйесі, билеушілер генеалогиясы және Қазақ хандығымен тарихи байланысы баяндалады.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрігінің баспасөз қызметі

Архитектура стабильности: от чертежей к реальности 

В Актюбинской области подвели итоги строительной деятельности за 2025...

Ұлықпан Жолдасов: «Конституциялық өзгерістер еліміздің дамуына жаңа серпін береді»

Конституциялық өзгерістер еліміздің дамуына жаңа серпін беріп қана қоймай,...

Судьяның мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі — кәсіби талап

Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары мемлекет құрудың басты принциптерінің...

Сот жүйесін жаңғырту: нәтижелер мен сын-қатерлер

Қазақстанның сот жүйесі соңғы жылдары бірқатар реформаға ұшырады. Бұл...