spot_img
spot_img

Қонаевта аяғында бірнеше жыл ине жүрген әйелге сәтті ота жасалды

Қонаев қаласының тұрғыны 46 жастағы әйел аяғында бөгде зат барын білмеген. Айтуынша, бірнеше жыл бұрын тізе буыны қақсап ауыра бастапты. Алғашында сүйегі қажалып, жарық ауруына ұшыраған деп болжаған. Кейіннен Қонаев қалалық ауруханасына келіп, дәрігерлер көмегіне жүгінген.
«Осы Қонаев қаласының тұрғынымын. Қазіргі таңда емханада травмотология бөлімінде №3 палатада жатырмын. Дәрігерлерге аяғымның мәселесімен келгенмін. Магниттік-резонанстық томографияға жолдап, мені тексеруге жіберді. Соның нәтижесін көрген емдеуші дәрігерім аяғымның тізе бөлігінде бөгде зат барын айтты. Тігін инесі қай уақытта кіргенін білмеймін. Сезген жоқпын. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде бармын. Мәртебемді тексерген соң, жоспарлы отаға дайындай бастады. Ай сайын жарна төлеп отырған соң бәрі тегін болды», — дейді науқас Бақыт Ахметжанова.
Дәрігерлердің айтуынша, науқасқа сәтті ота жасалып, ол бірнеше күннен кейін аяққа тік тұрған. Қазірде оның жағдайы жақсы, үйіне жіберіліпті. Айта кетерлігі, Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасы дәрігерлері жаз мезгілі жақындаған сайын жарақат алу фактілері жиілейтінін айтып дабыл қағып отыр.
«Ересектермен қатар, балалар арасында жарақат алу жағдайлары көп кездеседі. Жаз мезігілінде кез-келген баланың далада уақытын жиі өткізетіні белгілі. Ойын кезінде жарақаттануы оңай. Сондықтан ата-аналарға жеткіншектерін назардан тыс қалдырмауды сұраймыз», — дейді дәрігер-травматолог Камиль Жалалов.
Дәрігердің сөзінше, былтыр осы кезеңмен салыстырғанда Қонаевтағы ауруханада күніне 2-3 ота шұғыл түрде де, портал арқылы жоспарлы оталар да жүргізілетін. Бұл тұрғыда медицина мамандарының ақпарынша, МӘМС-тің көмегі зор. Өйткені, сақтандырылған азамат портал арқылы кез келген қажетті медициналық көмегін алып, отасын жасата алады.

Рақымшылық Заңының маңызы зор!

Қазақстанда кезекті рақымшылық заңы қабылданды. Бұл ел тәуелсіздігін алғаннан...

Кәсіподақтар Президент реформаларын жүзеге асыруға қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді

Жұма күні, 11 шілдеде Астанада Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының...

ЭТИКА В МАНТИИ: КАК СУДЬИ КАЗАХСТАНА ХРАНЯТ ДОВЕРИЕ ОБЩЕСТВА

Судебная система — это не только законы и процедуры,...