«Қонаев әуендері» ансамблінің тұсауы кесілді

Қонаев қалалық мәдениет үйінде шаһардың 55 жылдығына орай, «Қонаев әуендері» ансамблінің тұсаукесер концерті өтті. Сондай-ақ бұл күні композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы мен қазақтың біртуар ақыны Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдығы қатар аталып өтті.

Мерекелік кеште олардың репертуарынан «Қайрат», «Аққу күйлері, «Құстар қайтқанда», «Куә бол», «Алатау» әндері шырқалды. Бұдан басқа да би композициялары орындалып, халықты әсерлі күйге қалдырды. «Қонаев қаласы облыс орталығы болғалы түрлі іс-шараларды ұйымдастырудамыз. Соның ішінде бүгінгісі ерекше болып отыр.

«Қонаев әуендері» ансамблінің құрамында әншілер, бишілер, күйшілер, түрлі аспаптарда ойнайтын өнерпаздар бар. Бұл ұжым алдағы уақытта барлық мерекелік шараларға қатысып, ел мәдениетін дамытуға, қаламыздың атағын аспандатуға атсалысады», – деді қала әкімінің орынбасары Төлеген Кенжебеков. Сонымен қатар қала тұрғындары да өз пікірлерін білдірді.«Биыл ұлы тұлғаларымыздың – Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы, Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы деген сияқты. Осы айтулы күндермен қатар келген «Қонаев әуендері» ансамблінің ашылуы құтты болсын! Қаламыздың 55 жылдығымен де барша жұртты құттықтаймын.

Өнерде ойып алар орны бар тұлғаларымыздың шығармашылығынан осы тойды бастап отыр. Керемет! Ел аман, жұрт тыныш болсын!» – деді тұрғын Айбек Ережеп.Айта кетейік, Қонаев қаласының 55 жылдығы 22 қыркүйектен бастап алты күн аталып өтеді. Бұл күндері түрлі спорттық, мәдени, танымдық, қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылмақ.

Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Многопрофильной больнице города Қонаев начала работу современная бактериологическая...

Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro...

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...

Безопасность на дорогах — обязанность ответственных организаций

Специализированным межрайонным административным судом Туркестанской области рассмотрено дело, касающееся...