Қоғамдық тәртіпті сақтау – әр азаматтың міндеті

Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қоғамдық орынның ластануына байланысты іс қаралды. Оқиға 3 қыркүйек 2025 жылы  Өскеменде қала көшелерінің бірінде болған: азамат А. темекі шегіп, оның қалдығын жерге тастаған. Бұл әрекет Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық болып табылады.

Сотта құқық бұзушы А. кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін білдірді. Оның материалдық жағдайын және айыппұл төлеу мүмкіндігінің жоқтығын ескере отырып, сот азамат А.-ға жаза ретінде 40 сағат қоғамдық жұмыс тағайындады.

Сот бұл шешімді қабылдай отырып, мұндай әкімшілік шараның тек жазалау ғана емес, сонымен бірге тәрбиелік маңызы зор екенін атап өтті. Қоғамдық жұмыстар тұрғындардың бойында тәртіпке бағыну, ортақ кеңістікке құрметпен қарау дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

Заңнамаға сәйкес: 434-2-баптың 1-бөлігі қоғамдық орындарды, саябақтар мен скверлерді, көшелерді, сондай-ақ халыққа қолжетімді басқа да аумақтарды ластауға тыйым салады. Бұл норманың басты мақсаты – қаланың санитарлық жағдайын жақсарту, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру.

Қоғамдық орындарды ластау – ұсақ құқық бұзушылық болып көрінгенімен, ол қаланың жалпы мәдениеті мен тұрғындардың өмір сүру жағдайына тікелей әсер етеді. Әрбір азаматтың міндеті – өз ортасына құрметпен қарап, тазалықты сақтап, өскелең ұрпаққа үлгі болу.

Тазалық – тәртіп пен мәдениеттің көрінісі. Әрбір тасталған қоқыс, жерге тасталған темекі қалдығы қала көрінісін бұзып қана қоймай, қоғамдық сананы төмендетеді. Соттың бұл шешімі тұрғындарға ескерту іспеттес: ортақ үйіміз – қаламызды таза ұстау барлығымыздың азаматтық борышымыз.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Өскемен қаласының

әкімшілік құқық бұзушылықтар

жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сотының

баспасөз қызметі

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...

Используя трудовые ресурсы

ИЗУЧАЯ СФЕРУ ТРУДА И ЗАНЯТОСТИ, ОДНА ИЗ ПЛАТФОРМ ДЛЯ...