Қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтау – әрбір азаматтың міндеті

Қоршаған ортаның тазалығы мен қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау – өркениетті қоғамның басты көрсеткіштерінің бірі. Көшелерді, саябақтарды, аулаларды және өзге де қоғамдық орындарды таза ұстау әрбір азаматтың мәдениеті мен жауапкершілігін айқындайды.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, азаматтар табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға міндетті. Қоғамдық орындарды ластау, қоқысты белгіленбеген жерлерге тастау, ортақ пайдаланылатын аумақтардың санитариялық жағдайын бұзу қоршаған ортаға ғана емес, қоғамның әл-ауқатына да кері әсер етеді.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде қоғамдық орындардың тазалығын сақтауға бағытталған бірқатар жауапкершілік шаралары көзделген.

Атап айтқанда, ӘҚБтК-нің 434-2-бабына сәйкес, қоғамдық орындарды ластау, оның ішінде ортақ пайдаланылатын орындарға қоқыс тастау жеке тұлғаларға әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 505-бабында елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, жасыл желектерді бүлдіру, сондай-ақ инфрақұрылым объектілеріне залал келтіру үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтау – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті. Таза орта – халық денсаулығының кепілі әрі келешек ұрпаққа қалдырар асыл мұра. Сондықтан қоғамдық орындардың тазалығын сақтап, заң талаптарын құрметтеу – баршамыздың азаматтық борышымыз.

Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман – сот отырысының хатшысы Ы.Исабай

           Сот төрелігінің өзекті тақырыбы бойынша тарихқа үңілсек…

         «Қазақ даласындағы сот билігінің мұраты – сот процесіне қатысушылардың...

Ғылымдағы бірлік: ҚазҰУ түркі мемлекеттерімен әріптестікті нығайтпақ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне арнайы келген Өзбекстан, Моңғолия,...

Патриот, ученый, учитель

(к 99-летию со дня рождения академика Султана Сартаева)  15 октября...

Пуля и Геля спасают жизни 

25 ЛЕТ РУКОВОДИТЕЛЬ КИНОЛОГИЧЕСКОГО ОТДЕЛЕНИЯ ОПЕРАТИВНО-СПАСАТЕЛЬНОГО ОТРЯДА ДЕПАРТАМЕНТА ПО...

Эффект NPC: Как видеоигры меняют сознание убийц

В 2025 ГОДУ В ШКОЛЕ БАНДАРУТАМА (МАЛАЙЗИЯ) 15-ЛЕТНИЙ ПОДРОСТОК...