ҚАЖД қызметкерлері ардагерді мерейтойымен құттықтады

Абай облысы бойынша ҚАЖД №20 мекеме қызметкерлері бұрын жұмыс істеген, қазір зейнеттегі Абылкасимова Кенжегайша Аккалиевнаны 80 жас мерейтойымен құттықтады.

ҚАЖ қызметкерлері өз өмірін қылмыстық-атқару жүйесіне арнап, бұрынғы СЕ 165/3 мекемесінде, қазіргі №20 мекеменің техникалық бөлімінде инженер лауазымында ұзақ жылдар бойы абыроймен еңбек еткен Абылкасимова Кенжегайша Аккалиевнаны бүгінгі 80 жас мерейтойымен құттықтап, үйіне арнайы барды.

«Сізді бүгінгі туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Деніңізге саулық, ғұмырыңызға ұзақ жас, отбасыңызға бақ-береке, шаттық пен қуаныш тілейміз. Еңбегіңіздің жемісін көріп, ұрпақтарыңыздың қызығын көре беріңіз. Сіздің өмір жолыңыз – біз үшін үлгі», – деп тілек-лебізін білдірді Жеке құрам жұмыстары жөніндегі тобының Кәсіби-қызметтік және дене шынықтыру бойынша аға инспекторы
Ильяс Капашев.

«Сіздерге көп рахмет, жыл сайын елеп-ескеріп, құттықтап тұрасыңдар. Сендерге алдағы қызметтеріңе сәттілік тілеймін, аман болыңдар», – деп 80 жасқа толған Кенжегайша Аккалиевна батасын беріп, ризашылығын білдірді.

Ақмолалық әскери тұтқындардың тағдыры: тарихтың көмескі беттері қайта сөйледі

Екінші дүниежүзілік соғыс туралы сөз қозғағанда, көбіне майдан даласында...

Сот процесіне қатысушылардың мәдениеті

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасында ел азаматтарының құқықтық сауаттылығын арттыру...

Ғылыми таным мен мектеп сабағын ұштастырған жоба

Оқушыны ғылыми ізденіске баулу мектеп бағдарламасындағы тақырыпқа сұрақ қоюдан,...

Жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Жемқорлық – кез келген мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамның әл-ауқатына...

Сотты құрметтемеушілік салдары

Сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігі қағидаты негізінде бүгін барлық...