ҚАЖ мекемесінде Жеңіс күніне арналған үздік қабырға газеті байқауы өткізілді

Қауіпсіздігі орташа ҚАЖ мекемесінде сотталғандар арасында Жеңіс күніне арналған үздік қабырға газеті байқауы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігіне құрмет көрсету, патриоттық тәрбиені нығайту және сотталғандардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Байқау барысында қатысушылар Отан қорғаушылардың ерлігі мен батырлығын, соғыс жылдарындағы тарихи оқиғаларды, сондай-ақ Ұлы Жеңістің келер ұрпақ үшін маңызын бейнелейтін тақырыптық қабырға газеттерін ұсынды. Жұмыстар мазмұндылығымен, ерекше безендірілуімен және шығармашылық көзқарасымен ерекшеленді.
Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар мекеме әкімшілігі тарапынан марапатталды. Аталған іс-шара сотталғандар арасында ел тарихына құрмет сезімін қалыптастыруға, халық ерлігін ұмытпауға және мәдени-тәрбиелік жұмысты дамытуға оң ықпалын тигізді.

ПЕРЕДВИЖНЫЕ МЕДИЦИНСКИЕ КОМПЛЕКСЫ ПРОВОДЯТ ОБСЛЕДОВАНИЕ ЖИТЕЛЕЙ ЕНБЕКШИКАЗАХСКОГО РАЙОНА

Два передвижных медицинских комплекса (ПМК) Алматинской региональной многопрофильной клиники...

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕНДЕР ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН ТЕКСЕРУДЕ

Алматы аймақтық көпсалалы клиникасының екі жылжымалы медициналық кешені осы...

«Тәуелділік – үкім емес»: Алматы облысында тәуелділіктен арылуға қалай көмектеседі?

Наркотикалық және алкогольдік тәуелділік – адамның денсаулығына ғана емес,...