ҚАЖ ардагерлерімен кездесу

Қызылорда облысында Ішкі істер органдары мен Ұлттық Ұлан Ардагерлер кеңесінің төрағасы, милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков пен ІІМ Кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары Алмас Амзеев қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерімен және ҚР Ұлттық ұлан 5547 әскери бөлімінің қызметкерлерімен, ҚАЖ ардагерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Мемлекет басшысының «Әділ Қазақстан: Заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында белгіленген міндеттердің маңыздылығына ерекше тоқталды.

Сонымен қатар жиын аясында Ішкі істер органдарында 2025 жылдың «Профилактика жылы: полиция заң мен тәртіп күзетінде» деп жарияланғаны атап өтілді. Бұл бастама құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамда тәртіп пен тұрақтылықты сақтау бағытындағы жаңа форматтағы жұмыс жүргізудің басты бағдары ретінде белгіленіп отыр.

Кездесуде қылмыстың алдын алу шараларын күшейтіп, қоғамдық профилактика жұмыстарына азаматтарды кеңінен тартудың маңыздылығы айтылды. Сонымен қатар қызметкерлерге өз қызметтік міндеттерін атқару кезінде заңдылықты қатаң сақтау, антына адал болу, арнайы контингентпен жұмыс істеу барысында жауапкершілікті сезіну қажеттігі баса айтты.

Бұдан бөлек, жас қызметкерлерді адалдыққа тәрбиелеу, олардың бойында патриотизм, жауапкершілік сезімі мен жоғары деңгейдегі мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мәселесі де назардан тыс қалмады. Осы орайда ақпараттық-насихат жұмыстарын жүйелі жүргізу қажеттігі атап өтілді.

Кездесуде Ардагерлер кеңесіне де ерекше міндеттер жүктелетіні айтылды. Атап айтқанда, жас қызметкерлерді кәсіби тұрғыдан тәрбиелеу, әскери-патриоттық рухты қалыптастыру, құқықтық мәдениетті нығайту, қызметтік тәртіп пен этикалық қағидаларды насихаттау және ардагерлердің өмірлік тәжірибесін жас буынға үлгі ету бағытындағы жұмыстарды жандандыру міндеті қойылды.

Кездесу соңында Қылмыстық — атқару жүйесінің үш ардагері Ахметов Талғат Шәкіұлы, Шәдібек Ақпанбетов Аймаханұлы “ІІМ құрметті ардагері және Сейдалиев Ақылбек Сейдалыұлы “Ардагерлер ұйымына қосқан үлесі үшін” медалімен марапатталды.

«АТА-АНАЛАР АКАДЕМИЯСЫ»: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОТБАСЫЛАРҒА БІЛІМ МЕН ҚОЛДАУ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Senim Qogamy» қоғамдық...

ҚАЗАҚСТАНДА БОЛАШАҚ ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫ ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРГЕ ДАЙЫНДАЙДЫ

Үйлену тойына әдетте жан-жақты дайындалады, оның ішінде шығындарды есептейді,...

АКАДЕМИЯ РОДИТЕЛЕЙ»: ЗНАНИЯ И ПОДДЕРЖКА ДЛЯ СЕМЕЙ КАЗАХСТАНА

Министерством культуры и информации Республики Казахстан совместно с ОО...

В КАЗАХСТАНЕ БУДУЩИХ СУПРУГОВ БУДУТ ГОТОВИТЬ К СЕМЕЙНОЙ ЖИЗНИ

К свадьбе обычно готовятся подробно, в том числе рассчитывают...

Сот саласындағы қазақ тілі

Қазақстан Республикасының егеменді, тәуелсіз мемлекет екендігін айқындайтын негізгі конституциялық...