12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚАЖ қызметкерлері Отан қорғаушылар күнімен ардагерлерді құттықтады

Отан қорғаушылар күні қарсаңында қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қызметкерлері ардагерлер мен зейнеткерлерге арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара аясында қонақтар үшін мекеме ұжымы дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылды. Шара барысында музыкалық және поэтикалық қойылымдар орындалып, қызметтік борышқа адалдық танытқан ардагерлерге ризашылық сөздері айтылды.

Ардагерлерге естелік сыйлықтар мен мерекелік ашықхаттар табыс етілді. Жылы және достық атмосферада өткен кездесу барысында ардагерлер өздерінің қызметтік естеліктерімен бөлісіп, жас қызметкерлерге құнды тәжірибелерімен алмасуға мүмкіндік алды.

— Ардагерлерге құрмет көрсету — бұл біздің берік дәстүріміз әрі моральдық парызымыз. Біз олардың ісін лайықты жалғастырып келе жатқанымызға мақтанамыз, — деді мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Ернат Байжуменов.

— Бізді, ардагерлерді ұмытпай, құрметтеп жатқандары көңілге қуаныш ұялатады. Әсіресе осындай мерекелік күнде қызметіміз бен Отан алдындағы борышымызды еске алған маңызды, — деді ҚАЖ зейнеткері Болатбек Қайранов.

Мұндай іс-шаралар ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, қылмыстық-атқару жүйесінің дәстүрлерін сақтауға және дамытуға септігін тигізеді.

Соттың жеке ұйғарымдарын орындау

Сот отырысында заңдылық бұзылған жағдайлар анықталған кезде сот жеке ұйғарым...

ҚАЖД №75 мекемесінің жаза өтеушілерімен туыстарының арасында «Ашық есік” күні ұйымдастырылды

Атырау облысы бойынша ҚАЖД 75 мекемесінің шаруашылық қызметіне қалдырылған...

Жұмысшы мамандықтар жылы

Атырау облысында "Жұмысшы мамандықтар жылы" аясында көрме-жәрмеңке ұйымдастырылып Атырау...

Полномочия следственного судьи

Новеллы вступившего в действие с 1 января 2015 года...

Алматыда ІІМ Академиясының 300 курсанты Ант қабылдады

Алматы қаласында, 28 панфиловшы саябағында М. Есболатов атындағы Алматы...