ҚАЖ қызметкерлері Конституция күнінің 30-жылдығын атап өтті

Абай облысында ҚР ІІМ ҚАЖК №21 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды. Жиынға мекеме қызметкерлері белсене қатысты. Шара барысында мекеме бастығы, әділет подполковнигі Саят Саматұлы Алтаев қатысушыларды атаулы мерекемен құттықтап, Конституцияның ел тарихындағы маңызына ерекше тоқталды.
Атаулы мерекелік жиындар қызметкерлердің патриоттық рухын нығайтып, мемлекеттік рәміздер мен Конституцияға деген құрметті арттырады.-дейді мекеме бастығы Саят Алтаев.
Мереке аясында мекеменің заң тобының заң кеңесшісі Асхат Бақытбекұлы Абдыхамитов және кадр бөлімінің бастығы, әділет лейтенанты Бекзат Алтынханұлы Манапов бірлесіп баяндама жасап, Конституцияның 30 жыл ішіндегі өзгерістері мен толықтырулары, сондай-ақ оның құқықтық жүйедегі рөлі туралы кеңінен ақпарат берді. Қатысушылар баяндамаларды үлкен қызығушылықпен тыңдады.
Іс-шара соңында қызметтік борышын адал атқарып, қылмыстық-атқару жүйесінің дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар қызметкерлер марапатталды. Бұл марапаттар олардың кәсіби шеберлігі мен еңбекқорлығын танытатын жоғары баға ретінде қабылданды.

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...

Используя трудовые ресурсы

ИЗУЧАЯ СФЕРУ ТРУДА И ЗАНЯТОСТИ, ОДНА ИЗ ПЛАТФОРМ ДЛЯ...