ҚАЖ қызметкерлері қан тапсыру акциясына қатысты

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 37 мекемесінің қызметкерлері қайырымдылық пен адамгершілікті ұштастырған игі шара өткізді. Мекеме басшылығының бастамасымен ұйымдастырылған «Қан тапсыру – өмір сыйлау» акциясы аясында мекеме қызметкерлері ерікті түрде қан тапсырды.

Бұл шараға облыстық қан орталығының мамандары арнайы келіп, мекеме бастығы әділет подполковнигі Битаев Абай Есенгелдіұлынан бастап, 20-ға жуық қызметкер мен қалалық пробация қызметкерлері белсене қатысты. Қан орталығының дәрігерлері әрбір донордың денсаулығын тексеріп, қан құрамына сараптама жасап, қажетті мөлшерде (450 грамм) қан қабылдады.

– Адам бойындағы қайғыға ортақтасып, тілеулестік білдіру, қолынан келгенше көмек көрсету – әрбір дені сау адамның азаматтық парызы. Қан құйылуын күтіп жатқан науқастардың өмірін сақтап қалу үшін ерікті түрде қан тапсыру – адамгершіліктің жарқын көрінісі әрі сауапты іс екені сөзсіз. Біз тапсырған қан мұқтаж жандардың өмірін сақтауға себепкер болса, бұл шараның басты мақсатына жеткені деп білемін. Әрбір азамат осындай қайырымдылықтан қалыс қалмауы керек, – деді мекеме бастығы Абай Есенгелдіұлы.

Әкімшілік соттың құрылғанына 5 жыл

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің  енгізілуіне және мамандандырылған әкімшілік...

ЧЕМПИОНДАРҒА – УНИВЕРСИТЕТ ГРАНТЫ БЕРІЛДІ

Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті әрқашан үздік спортшыларды қолдайды. Алматы гуманитарлы-экономикалық университетінде...

Вакцинация және ЖРВИ-дің алдын алу: күзгі-қысқы маусымда денсаулықты қалай қорғауға болады?

Күн суытқан сайын тұмау мен жіті респираторлық вирустық инфекциялардың...

Вакцинация и профилактика ОРВИ: как защитить здоровье в осенне-зимний период

С наступлением холодов возрастает риск распространения гриппа и острых...