ҚАЖ қызметкері Семей қаласының Жоғары гуманитарлық-заң және техникалық колледжінің тәрбие кеңесі құрамына кірді

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғару мекемесінің қызметкері Семей қаласының Жоғары гуманитарлық-заң және техникалық колледжінің тәрбие кеңесі құрамына кірді.
Студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында колледждің құқық қорғау органдарымен ынтымақтастығын жандандыру мақсатында тәрбие кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді. Оған қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінің қызметкері Рамиль Қайрамбаев кірді. Тәрбие кеңесінің негізгі міндеттері Ата-аналармен, құқық қорғау органдарымен, ҚАЖ органдарымен және басқа да ұйымдармен тәрбие және алдын алу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың, тәртіптік бұзушылықтардың, қорқытудың, зорлық-зомбылықтың және өзге де жағымсыз көріністердің алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және заңнамаға құрмет көрсету болып табылатынын еске салу қажет.
Енді мекеме қызметкері құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы құқықтық сағаттар мен дәрістерге қатысады.

ҚАЖ қызметкерінің біз үшін тәрбие кеңесінің құрамына қатысуы-бұл студенттермен профилактикалық және құқықтық жұмысты күшейту мүмкіндігі. Біз оны құқықтық сағаттар, профилактикалық әңгімелер, студенттермен және ата-аналармен кездесулер өткізуге, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алуға және заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған іс-шараларға тартуды жоспарлап отырмыз. ҚАЖ қызметкерінің практикалық тәжірибесі тәрбие жұмысын мазмұнды әрі тиімді етуге көмектесетініне сенімдіміз.- колледж директоры Сергазинов Болат.

ӘРПК-нің ерекшеліктері

Қазіргі таңда мемлекет пен азамат арасындағы қарым-қатынаста заңдылық пен...

Almaty Superski: Алматыдағы тау туризмін дамытудың жаңа кезеңі

Алматының таулы аймақтары туризмді дамытудың стратегиялық бағыттарының бірі ретінде...

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президенті қызметіне кіріскеніне жеті жыл өтті....

НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ МО ЯНЬ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» МАРАФОНЫ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ҮНДЕУ ЖОЛДАДЫ

Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты, белгілі қытай жазушысы Мо...

№68 мекемесінде жедел кеңес өткізілді

ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жедел кеңес өткізілді. Жиынға...