Қазақстанда АЭС құрылысына байланысты референдумда дауыс беру басталды

Қазақстанда АЭС құрылысына байланысты референдумда дауыс беру басталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, еліміздің 84 учаскесінде дауыс беру таңғы алтыда басталды. Оның ішінде әскери учаскелер мен кейбір вахталық ауылдар бар. Бұл осы учаскелердегі жұмыстың немесе қызметтің ерекше тәртібіне байланысты.

Ал қалған учаскелерде дауыс беру таңғы 07.00 шамасында басталады.

Еске салайық, 2 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды.

Референдумда дауыс беретін учаскеңізді қалай анықтауға болады?

Бұл үшін referendum.gov.kz деген арнайы сайт іске қосылды. Өз учаскеңізді білу үшін мына қадамдарды орындаңыз:

  • referendum.gov.kz сайтына кіріңіз.
  • Тұрғылықты жеріңізді көрсетіңіз.
  • ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) енгізіңіз.

Деректерді енгізгеннен кейін жүйе дауыс беру учаскеңізді көрсетеді.

Референдум күні басқа қалада болсаңыз не істеу керек?

6 қазанда басқа қалаға кетуді жоспарласаңыз, алдын ала құжат алыңыз. Ол үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша сайлау пунктіне бару қажет, құжатты 5 қазан сағат 18:00-ге дейін алу керек. Есептен шығару куәлігі сол елді мекеннің немесе қаланың басқа учаскесінде дауыс бергісі келетіндерге берілмейді.

Шетелдегі дауыс беру учаскесін қалай білуге болады?

Референдум күні шетелде болсаңыз сайлау учаскесі құрылған Қазақстанның дипломатиялық немесе консулдық өкілдігіне жүгіне аласыз. 62 елде 77 учаске құрылды. Учаскелердің тізімін бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы жариялады.

Шет мемлекетте – жеке, қызметтік, оқу, іскерлік және туристік мақсаттар бойынша тұратын немесе уақытша болатын және жарамды паспорттары бар Қазақстан азаматтары референдумда дауыс бере алады.

Үйде дауыс беруге бола ма?

Денсаулық жағдайына, отбасының науқас мүшесінің күтіміне, мүгедектігіне немесе жасына байланысты сайлау учаскесіне бара алмайтын азаматтар үйде дауыс беруге құқылы. Ол үшін учаскелік сайлау комиссиясына жүгіну қажет.

Халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы артты

2026 жылдың II тоқсанында Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 410 088 теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 14%-ға жоғары.

2027 жылдан бастап МӘМС жүйесінде не өзгереді: Денсаулық сақтау министрлігі түсіндірді 

Қазақстанда денсаулық сақтауды қаржыландырудың басым бөлігі сақтандыру моделіне көшуі жалғасуда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барды 

Мемлекет басшысы Берлинде бизнес-форумға, ал Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады.

Үсік жүріп, тұман түседі: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы 

«Қазгидрометтің» мәліметінше, 29-30 қыркүйекте Қазақстан аумағының басым бөлігіне жоғары атмосфералық қысым өрісі әсер етеді.

583 адам декреттік төлемді қайтаруға міндеттелді: Қор ақшаны неге кері сұрайды? 

2025 жылдан 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүктілікке және босануға байланысты артық төленген қаражатты өндіріп алу үшін 583 алушыға қатысты сотқа талап-арыз берген.