Қазалыда пробация есебіндегі азаматтарға психологиялық тренинг өткізілді

Қазалы ауданындағы Руханият орталығында пробация қызметі, Жастар ресурстық орталығы, аудандық жұмыспен қамту және білім бөлімдерімен бірлесе отырып, пробация есебінде тұрған 12 сотталған азаматқа арналған психологиялық тренинг ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты — пробация есебіндегі жастардың әлеуметтік бейімделуіне көмектесу, оларға психологиялық көмек көрсете отырып, өмірлік қиын жағдайлардан шығу жолдарын көрсету.

Тренинг барысында кәсіби психолог мамандар қатысушылармен түрлі психологиялық жаттығулар өткізіп, оларды қызықтырған сауалдарға жауап берді. Сонымен қатар, өмірлік мотивация, өз-өзіне сенімділік және эмоциялық тұрақтылық тақырыптарында кеңестер берілді.

Мұндай шаралар қоғамнан оқшауланбаған сотталған азаматтардың оңалуына және қайта әлеуметтенуіне қолдау көрсетуді көздейді.

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық: сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...