Қазақтың бас ақыны — Абай Құнанбаев

        2025 жылы қазақтың ұлы ақыны, философы, ағартушысы және сазгері Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толады. Бұл мерейтой қазақ халқы үшін ғана емес, әлем әдебиеті мен мәдениеті үшін де маңызды оқиға болып табылады.

        Абай Құнанбайұлы — 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында дүниеге келген. Ол қазақтың ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалаушы, шығыстың және батыстың классикалық әдебиетін терең меңгерген ойшыл ақын. Абайдың шығармашылығында адамгершілік, білім, ғылым, әділеттілік, ұлттық бірлік сияқты маңызды мәселелер көтерілген.

       Абайдың шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, халықаралық деңгейде зерттелуде. Германияда Абайды зерттеу ісі мәдениеттанушылар мен филологтардың назарында, ал Қытайда оның өлеңдері мен қара сөздері бірнеше рет басылып шықты. Бұл оның шығармашылығының әлемдік деңгейде танылып, өзектілігін жоғалтпағанын көрсетеді.

        Абайдың 180 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстанда және шетелде көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. «Ұлылардың ұлысы — Абай» атты конференциялар, әдеби кештер, көрмелер, музыкалық бағдарламалар мен дебаттар өткізу жоспарлануда. Бұл шаралар Абайдың мұрасын насихаттап, жастарды оның шығармашылығымен таныстыруға бағытталған.

       Абайдың өте дана ақын болғанын мына өлең жолдарынан білуге болады:

      Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,

      Қиыннан қиыстырар ер данасы,

     Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

     Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы.

        Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы — қазақ халқының рухани байлығы мен мәдени мұрасын әлемге танытуға мүмкіндік беретін маңызды кезең. Оның шығармашылығы бүгінгі күнде де өзектілігін жоғалтпай, ұрпақтан-ұрпаққа рухани азық болып қала береді.

   Қызылорда қалалық сотының жетекші маманы Қ.Сақтағанова

КАК ЦИФРОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ ПРЕВРАТИЛИ ПРЕСЛЕДОВАНИЕ В КРУГЛОСУТОЧНЫЙ КОНТРОЛЬ 

ЕЩЕ ДВАДЦАТЬ ЛЕТ НАЗАД ЧЕЛОВЕКУ, РЕШИВШЕМУ ПРЕВРАТИТЬ ЧУЖУЮ ЖИЗНЬ...

Оставьте ненужные споры

Сначала Бозжыра, затем Кок-Жайляу, теперь Катон-Карагай и Маркаколь… Споры...

Адамға бағдарланған мемлекеттік қызмет: жаңа заңның жаңа мүмкіндіктері

Мемлекеттік қызмет-ел дамуының негізгі тіректерінің бірі. Сондықтан, бұл саладағы...

Ұлттық құрылтай – қоғам мен мемлекет арасындағы сенім көпірі

Мемлекет дамуының маңызды көрсеткіштерінің бірі – билік пен қоғам...