Қазақстанның 2025 жылғы ЖІӨ өсімі 6,5%-ды құрады


Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша Қазақстанның жалпы ішкі өнімі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ға өсті.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет экономиканы әртараптандыру жөнінде жүйелі шаралар қабылдауда. Өткен жылы экономикалық өсімге негізгі үлесті көлік, құрылыс және сауда салалары қосты.

Өнеркәсіп өндірісінің индексі жыл қорытындысы бойынша 7,4%-ды құрады. Өңдеу секторы 6,4% деңгейінде тұрақты өсімді көрсетуде. Көрсеткіштер азық-түлік өндірісінің 8,1%-ға, өңделген мұнай өнімдерін өңдеу 5,9%-ға, химия өнеркәсібі өнімдерінің 9,8%-ға, металлургияның 1,2%-ға, машина жасау өнімдерінің 12,9%-ға ұлғаюына байланысты қамтамасыз етілді. Өсім Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Түркістан облыстарында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында байқалды.

Жыл қорытындысы бойынша көлік және қоймалау саласындағы өсім 20,4%-ды құрады (қаңтар-қарашада – 20,3%). Бұл жүк тасымалы көлемінің, ең алдымен автомобиль және теміржол көлігі арқылы тасымалдаудың ұлғаюына, сондай-ақ бірқатар өңірде жолаушылар тасымалының артуына байланысты болды. Қосымша көлік қызметтерінің, оның ішінде жүктерді экспедициялау, әуе қозғалысын басқару қызметтерінің, әуежайлардың, қоймалар мен пакгауздардың қызметтерінің, астық сақтау қызметтерінің және салқындатылған жүктердің көлемінің артуы байқалады.

Құрылыс саласында өсім 15,9%-ды құрады, бұл 2025 жылғы қаңтар–қараша (14,7%) көрсеткішінен жоғары. Өсім жайлы мектептер, медициналық нысандар, көлік және инженерлік инфрақұрылымдар салуды қоса алғанда, инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асырумен қамтамасыз етілген. 2025 жылғы қаңтар-желтоқсанда пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы 20,1 млн шаршы метрді құрады, бұл 2024 жылғы деңгейден 5,1%-ға жоғары.

Сауда саласында да оң серпін сақталды: 2025 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында өсім 8,9%-ды құрады (қаңтар-қарашада – 8,8%). Негізгі үлес жалпы көлемнің үштен екісінен астамын құраған көтерме саудаға тиесілі болды. Көтерме сауда көлемінің өсу қарқынына астық, тұқым және мал азығын сататын кәсіпорындар – 2,6 есе, машиналар мен жабдықтар – 99,8%, фармацевтикалық тауарлар – 44,1%, автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдары – 33%, сүт өнімдері, жұмыртқа мен майлар – 25,8%, қант, шоколад және қантты кондитерлік өнімдер – 21,2%, кең ассортименттегі тауарлар – 12,5% әсер етті.

Ауыл, орман және балық шаруашылығындағы көрсеткіштер 5,9% құрады. Өсім өсімдік шаруашылығында (7,8%) және мал шаруашылығында (3,3%) оң динамика қамтамасыз етілген.

Ақпарат және байланыс саласында өсім 3,6%-ды құрады.

Жалпы алғанда, 2025 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың жиынтық өсімі негізгі салалардың тұрақты дамуын көрсетті.

Мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолдану аясын кеңейту

        Мемлекеттік тіл — кез келген елдің рухани байлығы, ұлттық...

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІ

Мемлекеттік тіл – елдің қоғамдық және мемлекеттік өміріндегі маңызды...

Ювеналды соттардың соттылық мәселелері

Қазақстан Республикасының сот жүйесінде соттылық ұғымы – әрбір азаматтың...

Вместе к здоровому образу жизни: осуждённые провели товарищеский матч

В Семее на городском футбольном поле состоялась товарищеская игра...

Мемлекеттік тіл және әділ сот қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің негізгі нышандарының бірі, қоғамның құқықтық...