Қазақстаннан бидай жеткізуге тыйым: Ресей шектеулерді қашан алып тастайды?

Ресей Қазақстаннан бидай жеткізуге қойылған шектеулерді алып тастауды қарастырып жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Россельхознадзордың басшысы Сергей Данкверт Қазақстанның Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлымен кездесу барысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстанның Өсімдіктер карантині және қорғау жөніндегі ұлттық ұйымының кепілдіктері негізінде Россельхознадзор биылғы 23 сәуірден бастап енгізілген, негізгі өндіруші өңірлерден астық экспорттауға қатысты шектеулерді 20 қазаннан бастап алып тастауға дайын.

Сондай-ақ, келіссөздерде Қазақстанның жеміс-көкөніс өнімдерін Ресейге жеткізу кезінде фитосанитариялық талаптарды сақтау мәселесі көтерілді. Ресей тарапы тағайындалған жерлерде тауарлардың Россельхознадзор инспекторларына бақылау үшін ұсынылмағанын атап өтті, бұл Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзады.

Бұдан бөлек, Россельхознадзор санкцияға ұшыраған өнімдердің Қазақстан арқылы реэкспортталу деректерінің көбейгенін хабарлады. Электрон навигациялық пломбалар қолданылғанына қарамастан, Ресей шекарасында «көлеңкелі» жүктердің әкелінуі тіркеліп отыр.

Сонымен қатар, тараптар фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өзара жеткізілімдер кезінде бұзушылықтардың алдын алу үшін жедел әрекеттерге келісті.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.