Қазақстандықтардың оннан жетеуі сайлауға қатысуға ниетті – саясаттанушы

Қазақстандықтардың 70 пайыздан астамы алдағы Құрылтай сайлауына қатысуға дайын. Бұл туралы Алматыда өткен, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Сайлау-2026: саяси науқанның сипаты» сарапшылар алаңында саясаттанушы, баспагер Бақытжан Бұқарбай мәлімдеді.

Сарапшы 2026 жылғы 13 маусым мен 27 шілде аралығында түрлі зерттеу ұйымдары жүргізген алты әлеуметтанулық зерттеудің салыстырмалы талдауын ұсынды. Зерттеулердің әдістемесінде айырмашылықтар болғанына қарамастан, олардың барлығы сайлауға қатысуға дайындық деңгейінің тұрақты түрде жоғары екенін көрсетеді. Атап айтқанда, дауыс беруге ниетті азаматтардың үлесі 70,3 пайыздан 75,6 пайызға дейін болған.

«Біз тұрақты жағдайды байқап отырмыз: сайлаушылардың оннан жетеуі дауыс беруге қатысуға дайын екенін мәлімдеген. Сонымен қатар респонденттердің 89,4 пайызы 23 тамызда өтетін сайлау туралы қандай да бір деңгейде хабардар. Сайлау туралы хабардарлық жасы ұлғайған сайын арта түседі және ауыл тұрғындары арасында біршама жоғары», – деп атап өтті Бақытжан Бухарбай.

Саясаттанушының айтуынша, әлеуметтанулық деректер сайлауға ең белсенді қатысуға дайын электораттың бейнесін де қалыптастыруға мүмкіндік береді. Аға буын өкілдері арасында дауыс беруге дайындық деңгейі 80,7 пайызға жетсе, жастар арасында бұл көрсеткіш 69,4 пайызды құрайды. Ең жоғары белсенділік 46–60 жас аралығындағы азаматтар арасында байқалады. Әйелдердің сайлауға қатысуға дайындығы ерлерге қарағанда шамамен 5 пайыздық тармаққа жоғары. Сонымен қатар жоғары және аяқталмаған жоғары білімі бар азаматтар арасында да электоралдық дайындық деңгейі жоғары.

Сарапшы саяси партияны таңдауға ықпал ететін факторларға да ерекше назар аударды. Бірінші орында партияның бастамаларына оң баға беру факторы тұр: оны респонденттердің 44,4 пайызы атаған. 29,2 пайыз үшін белгілі бір саяси күшті жақтаушы ретінде өзін сезінумен байланысты тұрақты партиялық сәйкестік маңызды. Ал 25,3 пайыз азамат партияны Қазақстанның болашағын осы саяси күшпен байланыстыратынына сенім білдіру негізінде таңдайды. Сонымен қатар 14,7 пайыз респондент үшін партияның сайлаушылармен өзара іс-қимылы да маңызды фактор болып саналады.

«Бұл деректер сайлаушылардың таңдауы бірнеше құрамдас фактордың ықпалымен қалыптасатынын көрсетеді. Сайлаушы үшін партияның атауын білу жеткіліксіз. Ол үшін нақты бастамалар, саяси күшке деген жақындық сезімі, оның болашағына деген көзқарас және азаматтармен тұрақты жұмыс сапасы маңызды. Сондықтан бүгінгі таңда партиялар үшін үгіт-насихат кезеңінде ғана көзге түсу емес, өз электораттарымен тұрақты әрі орнықты байланыс орнату аса маңызды», – деп атап өтті саясаттанушы.

Бақытжан Бұқарбай саяси жүйені жаңартуға деген қоғамдық сұранысқа да назар аударды. Оның пікірінше, қазіргі сайлау науқаны партиялардың идеологиялық әр алуандығы жағдайында өтіп жатыр. Әр саяси күш өз электоралдық тобына бағытталып, оның сұраныстары мен мүдделеріне жауап беруге ұмтылуда. Сайлаудың алдын ала жариялануы саяси күштерге өз ұстанымдарын саралап, партия қатарын жаңартуға және саяси аренаға жаңа тұлғаларды шығаруға мүмкіндік берді.

Сарапшының айтуынша, бірқатар партияларда басшылықтың ауысуы мен партия құрамының жаңаруы саяси бәсекеге қосымша серпін беруі мүмкін. Жаңа саясаткерлердің келуі тың идеялар мен жаңа тәсілдердің пайда болуына, жақтастар қатарын кеңейтуге және партиялық күн тәртібін қоғамның өзгеріп отырған сұраныстарына бейімдеуге мүмкіндік береді.

«Сайлау-2026: саяси науқанның сипаты» сарапшылар алаңы 13 тамызда Алматы қаласында өтті. Іс-шараны ҚР  Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырды. Талқылауға саясаттанушылар, академиялық және сарапшылық қоғамдастық өкілдері, зерттеу және талдау орталықтарының мамандары, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ саяси коммуникациялар мен сайлау үдерістері саласының сарапшылары қатысты. Онлайн форматта пікірталасқа Қазақстанның барлық өңірінен сарапшылар қосылды.

Семь из десяти казахстанцев готовы прийти на выборы – политолог

Более 70% казахстанцев заявляют о готовности принять участие в...

№79 мекемесінде Абай күніне орай тағылымды подкаст-кездесу өтті

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №79 мекемесінде...

Мемлекетті тіл – қызмет тілі

Қазақ тілі – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани қазынасы,...

Аида Балаева «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздарын марапаттады

Астанада Халықаралық жастар күні аталып өтті. Салтанатты іс-шара аясында...

Аида Балаева наградила победителей конкурса грантов «Тәуелсіздік ұрпақтары»

В Астане отметили Международный день молодежи. В рамках торжественной...