Қазақстандықтардың басым бөлігі бүйрекке мұқтаж

Бүгінде елімізде 4 мыңнан астам адам ағза трансплантациясына мұқтаж, олардың 90 пайыздан астамы – бүйрекке зәру. eGov платформасында 10 мыңнан астам азамат қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім бергенімен, 100 мыңнан астам адам бұл бастамадан бас тартқан.

Алматы облыстық трансплантология саласының үйлестірушісі Ақерке Тұрсынбайқызының айтуынша, бүгінде облыс бойынша 250-ге жуық адам донорлық ағзаны күтуде.

«Кезекте тұрған науқастардың басым бөлігіне бүйрек трансплантациясы қажет. Өткен жылы мәйіттік донор саны небәрі 10 адам болды. Қоғам мәйіт донорлығын әлі де дұрыс қабылдай алмай отыр. Миы өлген адамның бүйрек, бауыр, жүрек сияқты сау ағзалары басқа адамға өмір сыйлай алады», – дейді маман.

Қазақстанда ағза ауыстырудың екі түрі бар – тірі және мәйіт донорлығы. Соңғысы тиімді болғанымен, қоғам бұл ұғымды әлі толық қабылдай қойған жоқ. Миы өлген адамның бүйрек, бауыр, жүрек сияқты сау ағзалары бірнеше сағат ішінде басқа адамға өмір сыйлай алады.

Мамандардың айтуынша, трансплантация саласындағы барлық қызмет тегін көрсетіледі. Дегенмен, халық арасында «ағзаны қара нарықта сатады» деген қате пікір бар. ҚР Денсаулық сақтау кодексі мен Қылмыстық кодекске сәйкес, ағзаларды сатып алу немесе сатуға қатаң тыйым салынған.

Бүгінде елімізде 6 трансплантация орталығы жұмыс істейді. Дәрігерлер мәйіт донорлығын дамыту – мыңдаған адамның өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы екенін айтады.

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...